"- Сәлем, қалың қалай?
- Сәлем... Жақсы... Өзің амансың ба?
- Иә, халіңді біліп, хабарласпағаныма ренжідің бе?
- Жоқ... Бәрі дұрыс! Оныңа да үйрендім ғой...
- Үнемі, неге солай өкпелі сөйлейсің, жазығым не?
- Ал менің жазығым не?! Сені шын сүйіп, сарғая күткенім бе? Достарыңмен бірге жүргеніңде бәрін ұмытып кететінің... Көзге ілмейтінің... Маңызды тақырыптарда сөйлесуден қашқақтайтының...
- Жанным, қайта бастамашы...
- Жоқ, мен бастап жатқаным жоқ, аяқтауға бел будым" - деп екі жас үндемей бір-бірінің жанарымен тілдесіп, кете барды... Екі жаққа...