Жанарында күн көзіндей жарық бар.

Мен жазсам,әсіресе қыздар тақырыбында жазсам,мен ессіз ғашық ақындай барымды төгем,әлбетте сөз қазақ қыздары жайында болса!

Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып,жүрсе ақырын

Кәмшат бөрік,ақ тамақ,қара қасты,

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?

Қазақ қызы ол сұлулықтың ғана емес,ақылдылықтың,парасаттылықтың шамшырағы іспеттес.Қылықты қызғалдақ,ақылына көркі сай ару,берекелі әйел,салиқалы жар,инабатты келін бола білген қазақ қызы- философиялық тұрғыдан алғанда дана дерсің?!Сәбит Мұқановтың "Ботагөзіндегі" Айбаланың әрекеттерін айтсаңызшы...Жоқтан бар жасап,Ботагөзін "еркем"деп аялап,туғанындай жақсы көреді.Ал ,шынашақтай Бөтагөзді көзбен көрмесеңде,көңілің жылып,сүйсінесің.Айта берсең көңіліңді жылытарлары  көп...

Ал,негізгі айтпағым,қай кейіпкедің болсын,жарты елі сөзіне,екі елі іс көрсе алатындығы жайында.Бұл тұрғыдан қарастырғанда бұл,ер азаматтарға да,әйел адамдарға да қажетті қасиеттердің алды...Көзіңнің жылу шашуы үшін әсте,сенің көңілің таза,мейірімің мол болуы шарт.Ендеше,сен ойланып айтқан әр сөзіңе,соған сай салиқалы іс-әрекет істесең,ал,бұл әрекетің өз алдына жақсы саналса,көңілің жылып,жүрегің нұрланады.Руxани байығаның,өзіңді ғажап сезімге бөлеуің емес пе?!Тіпті,кішкене ғана жақсылық жасап,басқа кісінің қуануының себепшісі болсаң,раxаттанасың емес пе?!Олай болса,алысқа қармақ салатын ауызымыздан шыққан әр сөзге ,қажетті әрекет жасағанымыз,бізді күнделікті ғажап сезімдерге бөлейді ғой?...Міне,сонда ғана ,сөзіңе ісің сай кезде ғана,көзің нұрланып,ішің жылиды...

"Тоқсан  ауыз сөздің ,тобықтай түйіні бар",- демекші ,сөзімізде телегей теңіз тариx,көзімізде күн көзіндей жарық болсын!...

 



Бөлісу: