Жанары мұңға толған аруға

Жанары мұңға толған аруға
жеке
блог

Жаным менің, жапырағым, үмітім!

Сен болмасаң жұбатады мені кім?

Өзегіме от салған да өзіңсің,

Және сенің жұбатады үнің, тың.

 

Ерке мінез, сұлу бейне, қылықтым,

Сені көріп, бар ғаламды ұмыттым.

Сұлу көзден сырбаз ғана жымиған

Тұңғиыққа батыратын сыр ұқтым.

 

Меруерттей сырларыңнан тізбелеп,

Кірпіктерің дірілдейді ізгі ерек.

Жанарыңнан жалт-жұлт еткен бір сәуле

Жүрегіме терең салды із кенет.

 

Сонау сұлу кірпігіңнен, бір ғажап

Мұңың болып үзілейін сырғанап.

Сенің әрбір жанарыңның сәулесі

Жүрегіме боп қадалар қылтанақ.

 

Меруерт сыр тұнған сұлу жанарың -

Ұқтырады сан арман мен сан ағым.

Меруерт қыз – Меруерт сыр егіз бе?

Осы сұрақ мазалайды, сана мұң...