Жаңартылған білімнің артықшылығы қандай?

Жаңартылған білім беру бағдарламасымен оқытылып жатқан шәкірттерден мынадай өзгерістер мен алғажылжушылық күтіледі.

Оқушылар сыни тұрғыдан ойлау дәрежесіне жетеді. Өзінің  тұлға, азамат ретіндегі позициясын анықтай алады. Мәселелерді   шешу   үшін   оларды тәжірибеде   біліктілікпен  пайдаланады,  жылдам   өзгеріп отырған   өмір   жағдайларына   оңай  бейімделе алады. Қоршаған ортаға, отбасындағы жандармен қарым-қатынасы өзгереді, сыныптастары мен достарының қадірін сезе алады. Мейірімді  болуды және көпшілікпен өз мейірімімен бөлісуді үйренеді. Тапсырмаларды топпен немесе өз бетімен орындауға шама-шарқынын анықтайды. Қолындағы барын бөлісу, өзінен әлсіздерге көмектесу сияқты танымдары артады. Өздеріне   өздері   сын   көзбен   қарай   алу,   кездесетін қиындықтарды   көріп,   оларды   шеше   білу,   дұрыс   әрі уақытылы   шешім   қабылдай   алу.  Ақпараттар ағынын бір жақты пайдаланбай, оны қорытып, ол ақпараттардың өзіне және жақындарына тиетін пайдасы жайында өзіндік пікірі қалыптасып, мәселелерді шешуге атсалысады.  

Оқушы  қалыптастырушы тапсырмалар арқылы  пән сабақтарында өзінің гуманистік көзқарасын білдіре отырып, келтірілген мысалдарға баға береді. Ұлттық құндылықтарды анықтап, өз пікірін бірнеше  сөйлемдермен жеткізуге тырысады. Құралған сөйлемнің құрылысы мен сапалы мазмұны, оқушының өзіндік тың пікір-көзқарасы есепке алынады.  Мысалы: қазақ әдебиетінде осындай тапсырмалар оқушылардың тұлға ретінде дамуы мен критерийлері арқылы кемшіліктерін түзеуге жол ашуда. Күнделікті сабақта олар шығарманы осындай тапсырмалар үлгісін пайдалана отырып, өлең-толғаулардың көркемдік, композициялық жағынан талдауды әдетке айналдырды. Тапсырмаларды өзара топқа бөле отырып, автор туралы тың деректерді жинау, іздестіру, шығарманы бунақ, шумақ, тармаққа, ұйқасына қарай талдау, шығарма идеясы мен мазмұнын қысқаша түсіндіру, түсініксіз әрі сирек қолданылып тұрған сөздерге анықтама жазу т.б. тапсырмаларды өз бетімен орындауға дағдыланды.

   Оқыту барысындағы теріс әсерлерді жою мақсатында оқушылардың жетістіктерін бағалау бүгінгі таңда қажетті болып табылады. Оларға үнемі мадақтау, кемшілік тұстарын анықтап, ескертіп, одан да жоғары, сапалы деңгейге көтерілуіне сеп болу басты назарға қойылды. Сабақты оқыту мақсаттары да өзгеріп, 40 минут аралығында оқушы өзіне қажетті ақпараттарды алуға мүмкіндіктер ашылды. Оқушыға баға қойылмайды, «жетті» немесе «талпынды» деп мақсатқа жетелейді. Мұғалім оқушыға «жетті » деген шешім шығару үшін, оқу мақсаттарына жету үшін жетістік критерийлерін қолдана алады. Және де оқушы өз бағасын өзі анықтайды. Қай деңгейде келе жатқанын саралайды, сол жолда еңбектенуге дағдыланады. 



Бөлісу: