Жанарлардың тоғысуы...

Жанарлардың тоғысуы...
жеке
блог

Көңілсіз күн ...Олай деуімнің себебі, сол күні көңілім алабұртып,көзіме себепсіз жас келе берді.Көше бойында келе жатырмын,жолда неше түрлі адамдарды көзім шалды.Күйбең тіршілік қамымен бір жаққа асығып барады.Жанарларында сан түрлі сұрақ.Тіпті,кейбірінің көзінен ештеме көрмейсің.Боп-бос.Қарайсың да, шошисың.Шарасыздықтан "Заман сондай боп барады ма?",-дейсің...Жаратушымыздың  ең бір керемет туындысы -адам баласы болса,сол жаратылыстың көз-жанарлары мүлде бөлек әлем,дара туынды.Сол әлемнен,сол даралықтан-жанардан тілден шықпайтын,тіпті шықпақ түгілі сөзбен жеткізілмейтін сезімдерді көруге болады емес пе?Пааһ, шіркін...Бір жанардан ,тұңғиыған, мың,миллион ойды ұғынуға болады.Аузымыздан шығарғымыз келмейтін қымбатты,жанарымыздан еріксіз көрсететінімізді өзімізде білмейміз-ау!Жанардан,үнсіз...артық сөзсіз... барлығын ұғынамыз,сезінеміз.Жасырған жақсы болсын, жаман болсын барлық сезімдердің айнасы...Жанының куәсі,баяндаушысы.Мұңының,қуанышының тілі...Маxаббатының,ыза-кегінің тілі...Мейірімінің,сұлулығының тілі-Көз-жанары.Міне,дәл сол күні,бір қария кісінің тұңғиық жанарынан үлкен мұң көрдім.Сол күнгі көз жасымның да себебі сол еді.Қариядан қайғысының себебін де сұрамадым.Өйткені үнсіз-ақ ұғындым.Себебі,жанарлардың тоғысуы-үнсіз тілдесу емес пе?...Ал мен тілдестім,үнсіз тілдестім...