Жаңаөзендегі Домбыра Пати

Жаңаөзен қаласында 02.05.2013 ж. сағат 19.30 да алғашқы рет Домбыра Пати болып өтті. Домбыра Пати «Жалын» жастар орталығының алдында болды. Астанадан бастау алған бұл игілікті іс Жаңаөзен қаласында жалғасын тауып отыр. Алғашы рет болғандықтан қалай болар екен деген ойлар болған. Бірақ өз деңгейінде өтті. Жиналған қауым біраз күй тыңдап,ән тыңдап демалып қайтты. Домбыра тарта алмайтындар да, домбырашыларға шабыт беріп «еу», «беу», «шап», «жібер» дегендей үн қосып қолдау көрсетуді ұмытқан жоқ. Домбыра Пати әдеттегідей әр бейсенбі сайын жалғасын табады. Уақыты 19.30 басталады. Алғашқы Домбыра Пати қалай болғандығын суреттер сөйлесін, содан соң Жаңаөзеннің сарқытын көріңіздер.

Жиналып жатырған сәт. Басым бөлігі жастар.


Әбиев Аманжол баурымыз жақсы күй тартып, жақсы ән салды ризамын бауырыма.


Домбырамен әсем ән кетіп жатыр. Баян да өз үлесін қосып отырды.


Мына Нұрлыбай бауырымыз баршасын күлкіге бөледі.


Баянмен ән айтып жатыр. Мына отырған кішкентайлар да мықты қосылып отыр. Соңына дейін қатысып отырды. Жаңаөзеннің жас жеткіншектері ғой.


Шамасы келгенше шырқады бәрі.

Жамағатта біраз жиналды. Қызып жатырған сәт қой, ұмытылмас.

 

Ал, енді суреттер кезегін сарқытқа береді.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/1MnIKmpgIz4&feature","width":"425","height":"350"});

Домбыра Патиімізді Адай күйімен ашқан едік.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/o2a9Jfvh5Bg&feature","width":"425","height":"350"});

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/5bWgyT2EU60&feature","width":"425","height":"350"});

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/xu6UD4N8C9c&feature","width":"425","height":"350"});

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/OCop90FElN8&feature","width":"425","height":"350"});

Дереккөз

 




Бөлісу: