Жаңалықтар легі осындай!
блог
1. Мәдениет жаңалықтары
Эстрада, кино және модельдік бизнес арулары ішінен «Қазақстанның ең сұлу бойжеткені» рейтингі жасалды. Бірінші орын - Әлия Әнуарбек ( «Ағайындылар», «Жаужүрек мың бала» ), екінші орын - Айдана Меденова ( «КешЮ» ) және үшінші орын - Мөлдір Әуелбекова есімді аруларға бұйырды. Дауыс беру vk.com желісі қолданушылары арасында жүргізілді. Рейтингпен келісесіз бе?
Сурет пен ақпарат «Жұлдыздар отбасы» журналынан
2. Сайт жаңалықтары
Жанат Ахметов бастаған «Сырлы сұхбат алаңы» жобасының мақсаты айқындалып қалғандай: тұрғындардың бір-бірімен етене араласуына септік болу. Осы мақсатта бірнеше сұхбат жарияланды, солардың ішінде Абзал Сариев пен Айнұр Жәлиеваның жауаптары «рекордты» мерзімге кешігіп шыққалы жатыр, күтуге тұрарлықтай сұхбат болатынына сеніңіздер.
Ал, келесі қонақтар: өнерін көпшілік мойындап үлгерген талантты ақын Айжан Табаракқызы мен сезім, сырға толы жазбаларымен бәрімізді баурап алған Есіл еркесі.
3. Өз жаңалықтарым
Бірінен бірі аумай кеткен күндеріме кішкене өзгеріс енгізу үшін жоспар құрғам біраз уақыт бұрын, бірақ, еріншектігім «сыныққа сылтау» болып, мойным жар бермей жүр. Психологтардың айтуынша, біреуге айтып барып кіріскен жоспарларды орындауға талпыныс артады екен. Соооол... Сөйтейін деп едім:
1. Кештеу баратыныма немесе дем алатыныма қарамастан күнде сағат 6-да тұруға дағдылану;
2. Алғашқы үш аялдаманы жаяу жүру ( бір оқпен үш қоян атып алар едім );
3. Сериалды азайту ( әйтпесе, «өз уайымым аздай, енді Хуан Карлостың проблемасы қосылды» );
4. Бос уақытты ұтымды пайдалану ( «ұтымдының» ішінде интернеттен гөрі оқу, тыңдау, тоқу басымырақ );
5. Және ең бастысы:
«Аз сөйлесең - ақылың тез толығар,
Көп сөйлесең - аузыңа тас салып ал! (с)»
Мен ұсынатын жаңалықтар легі осындай! Кезексіз жазғаныма қарамастан, эстафета таяғын «ұялмай-қызармай» Дана мен Сараға бөліп берем ))). Назар қойып оқығандарға рақмет!