"Jan`a tynys" немесе менің қосар үлесім!

"Jan`a tynys" немесе менің қосар үлесім!
жеке
блог

Сәлеметсізбе, оқырман! Мен жақында бір жоба ашуды жоспарладым. Оған тікелей себепкер болған, менің жас ұрпаққа беруге тиісті пайдаммен, елбасымыздың кемеңгер жолдауына қосқым келген үлес. Түсінікті, нақты, қысқа және бай тілмен жазылған ол мақала ұшқыны, әр қазақтың жүрегіне жылу сыйлағаны сөзсіз. Мақаланы оқи сала түсіндейтін ой, елбасымыз болашақ және қазіргі қазақстанды жаңа деңгейге көтеріп, өзінің дана, бірегей ойымен жастардың ақыл мен білімге, ғылым мен жаңа технология заманының алды болуға шақырады. Яғни, рухани әлемнің қаңырып бос қалмауына, адамдар дүние мен атақ құмарлықтан босауына деген кілт.Патриотшыл, адал, ұлтшыл мемлекет құру, сананы ояту мен эволюциялық деңдейдің кәугері мен жасаушысы болу. Рухани кедейліктен айырылып, дүние танымның сатысын әлемдік деңгейге жеткізу нышаны. "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" деп аталатын бұл мақала маған шабыт берген болатын.

    Сөйте келе мен өзімнің "Jan`a tynys"  атты жобамды өңдеуді бастап кеттім. Алғашында бұл жәй ғана ой еді. Оны ішінде улап өлтірмеуге тырыстым, өйіткені күн сайын әлемде мыңдаған идеялар туылмай ми қатпарларында мекендерін таппай қалуда. Жобаның құрылу барысында өзім ғана,  әлі біраз ақсап тұрған жерлері бар. Бірақ, ең бастысы өз ойыммен табандылығым басым. Жаңашыл қазақстанға рухани жобалар белең алса деймін көптеп. Сондықтан бұл жоба әзірге тек Шымкент қаласында өрбімек.А.Құнанбаев:

Сенбе жұртқа тұрсада қанша мақтап,

Әуре етеді ішінде қулық сақтап.

Өзіңе сен өзіңді алып шығар,

Ақылыңмен еңбегің екі жақтап.-деп аз да болса, сазда болса қолыма алдым осы ісі, оқитын, үйренетін нәрсе көп, бірақ бұл нәрсе ойымда дүниеге келмей қалғанына жол бергім келмейді.

Жоба мақсаты:

  • Шымкент қаласында айтарлықтар табысқа жеткен, атағы асқақтамасада, өзінің өмірінде табысқа жетіп жүрген, айтары бар, бөлісетіні көп  тұлғалардан 20-30 минуттық сұхбат алу.
  • Сол арқылы қазіргі азын-аулақ жастарды мотивация мен өзіне және өміріне деген сенімділігін өсіру.
  • Арманның адастырмайтынына тек табандылықтың жанармайын жағуға себеп болу үшін.
  • Барлық нәрсенің кішкентай бір түйіршік сеніммен үміттен пайда болатынын.
  • Ақша мен жоғарыда отыратын танысыңнын бар болу мақсат еместігін.
  • Біліммен ғылымның жүгенін ұстау, елбасымыздың мақсаты және талабы екендігін.
  • Рухани тұрғыда даму мен, шын ниетпен көмек беру ықыласым.
Бұл жобаның алғашқы саны ақпан айында Массагет көрермендеріне жол тартады.Алғашқылардың бірі болып мен қонаққа 24-жасар жас кәсіпкерді шақырған болатынмын. Шетелде оқып келіп, туған жері Шымкент қаласында тәжиірбесімен бөлісіп, өз ісін дөңгелетіп отырған жас тұлға. Өзінің жетістіктерімен бөлісіп, менімен біраз ақпарат алмасты. Жақын арада көрермендер назарына ұсынылады. Тек күтіңіздер! 


Назар салып оқығаныңызға рақмет!
Қазақ елінен қолдау күтемін!