Жаңа стадион салынды

Жаңа стадион салынды
жеке
блог

Қала күнінің қарсаңында Алматыда жаңа ашық жеңіл атлетикалық стадион салынды. Алатау ауданында «Туған жер» бағдарламасы аясында 39 000,00 шаршы метрлік атлетикалық стадионның ресми ашылуына шаһар басшысы Бауыржан Байбек мырза мен елімізге белгілі спорт қайраткерлері, Олимпиада жүлдегерлері Ольга Рыпакова, Дәулет Тұрлыханов, Ислам Байрамуков, Ермахан Ыбраимов, Бақтияр Артаев, Әмин Тұяқов қатысты. Жаңа спорт алаңының салынуына «Алонс» (бас директоры Нагайцев В.В) пен «Юником Бизнес Груп» (бас директоры Банщиков В.Ю) компаниялары ықпал етті. Стадион «Алматы Арена» мұз сарайының жанында қолайлы жерге орналасқан, мұнда жеңіл атлетиканың 47 түрімен айналысып, футбол тебуге де болады.

Мекен-жайы: "Алматы-Арена", Момышұлы көшесі, Рысқұлов көшесінің қиылысында