Жаңа өмір, жаңа қадам
блог
Сәлеметсіздерме Массагет ауылының тұрғындары!)
Айына жылына бір рет жазатыным бар еді блогты, сол бүгін жазғым келіп кетті)
Осы жылы мен студенттер қатарына қосылдым. Бәрі аяқ астынан болып кетті)) Қалай студент болып кеткенімді де байқамай қалдым. Негізі 11 сыныпқа қаламын деп жүргенмін, жәй колледжге тапсырып бағымды сынап көрмек болғанмын, сөйтіп топ етіп оқуға түсіп кеттім.
Қандай мамандықтаңдарымды жатсам да, тұрсам да ойлап жүретінмін. Әәәәәй ата-анамның миын әбден ашыттым)) Археолог боламын деп армандағам бастауыш сыныптарда, сосын мұғалім, сосын дәрігер, сосын 9 сыныпта халықаралық қатынастар (ахахаха), аудармашы, программист.. ойша кім болмадым десеңізші. Ақырында мамандық таңдадым.... ОПД таңдадым) Жол қозғалысын ұйымдастыру және көлік қозғалысын басқару. Аудиторияда машиналардың ішкі құрылыстары шималанып суретке салынып тұр, артта бір үлкеееен матор мен анау-мынау заттар.. Қызық, болашақта жақсы мамандық иесі болар ма екем? Машинаның құрылыс туралы ештеме де білмеймін)
Колледжде жүрсең басқалар «қандайда оқисың?» дегенде «ОПДда» деп жауап берсе «Оооо гаишниктер!» деп ауыздары екі елі боп кетеді әйтеуір) Ол мамандықты қыздар да оқитынын білмейді-ау шамасы))
Осылай студенттік өмірім басталып жатыр, жақында стипендия алып, оның қызығына батамын)
Мектепті қызылға бітіріп едім, тым жақсы оқып. 11ге қаламын деп оқталып жүріп едім кәдімгідей, аяқ астынан студент атанып кеттім. Бір жағынан бұл да жақсы шығар.
Колледжде қиын екен әр ай сайын аттестация шығады, бағаға таласып сабақ оқимын әйтеуір 3тік алмасам болар деп. Мектепте өйй анау апай ғой 5ке жібереді,ой мына апайма? Ол жақсы ғой ол да 5ке жібереді деп уайым-қайғысыз жүретін едім, мына жақта тіптен көрмеген, жат адамдар. Не болса да ойым басқаға бөлінбей тек сабағымды оқып, жақсы бағалар алуға бар күшімді саламын...
---Студенттік өмірімнің алғашқы жазбасы---