Жаңа оқиға - жаңа комедия

Жаңа оқиға - жаңа комедия
жеке
блог

Бүгін көптен күткен премьера. Еліміздің барлық кинотеатрларында "Гуд бай, мой бай" фильмінің көрсетілімі басталады. Бұл киноны барлығы күтті, әсіресе, "Женатики" сериалдарының көрермендері асыға күтті. Себебі, бұрыннан таныс кейіпкерлердің басқа оқиғасы баяндалады.

Жаңа комедияның трейлері шыққан бойда ол әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, елге ұнай бастады. Әзіл-қалжың болса да, ажырасу тақырыбы кинода тура айтылған. Қазір екінің бірі айырылысып жатқаны жасырын емес. Кеше үйленіп, бүгін ажырасып жатса, таң қалмайтын болдық. Әрине, әр жұптың ажырасуына өз себебі бар. Біз оған араласпаймыз.

Кино желісі бойынша, бір бірін бұрыннан білетін достар әйелдерімен ажырасып, бойдақтық өмірге қуана-қуана оралады. Алайда, барлығы олар ойлағандай емес. Киноның қызықтарын айтып жатпайын, себебі кино көруге тұрарлық. Міндетті түрде, көрңіңздер. 

"Sulpak cinema Kazakhstan" және "Kinopark" компанияларының ұйымдастыруымен өткен алғашқы көрсетілімді ине шаншар орын болған жоқ. Комедияны барлығы көріп болған соң, актерлер мен кино авторларын ел қошеметке бөледі. Біздің кино индустрия, дегенмен, сапалы, қызықты киноға зәру. Бұл жолы сондай бір жақсы дүниені көргеніне қуанғандай болды. 

Бәрнен соң, өзіме Дарига Бадыкованың рөлі ұнады. Мықты актриса!