Бүгінгі қоғамның өзгерген бейнесі туралы сөз қозғағанда, ендігінің құндылықтарын ертеңге жалғайтын жастардың келбеті туралы сөз қозғамай кету мүмкін емес. Қазіргі жастары жеке өмір сүруді өте ерте бастайтыны баршамызға мәлім.
Экономика, саясат, білім және мәдениет салаларындағы өзгерістердің қайсыбірі болсын, жастардың өмір сүру жағдайындағы өзгерістерге үздіксіз әсер етіп отырады. Жоғарғы әлеуметтік мобильділік жағдайында жастар және олардың құндылықтық көзқарастары түрлі өзгеріске ұшырап, кедергілерге жолығып жатады. Бұл өзгеріске ең алдымен құндылық жүйесінің құрылымы ұшырайды. Құндылықтардың бірі жастардың санасында жоғары дәрежеге ие болса, кейбірі екінші орынға ысырылып тасталады. Әсіресе, жастардың дүниетанымдық және рухани құндылықтарына әсер ететін жағдайлар ерекше маңызға ие. Ол - халықтың ұлттық сана-сезімі мен мәдени бірегейлік аясын кеңейтетін бағыт. Бұл үрдісте «мәдени дәстүр», «тәрбие» және «әлеуметтік орта» үшеуінің қайсысының маңызы жоғарырақ екенін нақты түсіне алу керек. Қазақстан жастарының әлеуметтік бейнесі екіжақты болып келеді. Зерттеушілер жастардың гуманистік құндылықтарға аса мән беретінін дәлелдейді.
Дүниетанымдық көзқарастардың ішінде алдыңғы саптағы үштікке «Байлыққа қол жеткізу мен өз елінің көркеюі,мемлекеттің қауіпсіздігі,тыныштық пен адамдардың бақыты» секілді құндылықтар кіреді. Қазақстандық жастар сапалы білім алу, қалаған мамандығына қол жеткізу, жақсы маман болу, кез-келген нәрсеге адал еңбекпен қол жеткізу, еркін әрі тәуелсіз болу сынды құндылықтарды өте маңызды деп есептейді. Бұл нәтижелер өскелең ұрпаққа нарықтық өзгерістердің, оның ішінде экономикалық бастамалар, іскерлік және өз ісін ашу секілді идеялардың таңсық емесін аңғартады деп ойлаймын.Еңбек құндылығы жастардың өзін-өзі қалыптастыру әдісі ретінде маңызы артып отыр.Бірақ,жеңіл жолды іздейтінде жастар жоқ емес!Бес саусақ бірдей болмайтыны секілді,қоғамдағы жастардыңда ойы құндылықтарға келгенде сан алуан!
Жастарға: «Алдарыңда таудай талап тұр. Өмір заңғарлары үнемі биікке шығарады.Оған жету үшін талмай ізденіңдер!»- дер едім. Жастарға тоғышарлық, бойкүйездік дертінен аулақ, сергек, сезімтал болған жарасады деген Ғабит Мүсіреповтың саналы сөзімен өз ойымды қорытындылағым келіп тұр.Заман жылжып,коғам өзгерген сайын жастар құрметтер құндылықтарда өзгеріп жатыр.Қандай құндылықтарға басымдылық берілседе,біз,жастар әркез ізденісте болуымызды сондай-ақ өзімізгеде қоғамғада пайдасы тиер игі істер орындауды мақсат ете білуіміз керек!Себебі біз жастар Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтің сөзімен айтар болсақ ел болашағымыз!Болашағымыз жарқын болуы үшін білім мен ғылымды серік ете отыра ел келешегін кемелді ете білуіміз керек!
Ұлттық құндылықтарға әр хaлықтың ғасырлар бoйы жинақтаған ұлттық, рухани және мәдени құндылықтары жатады. Осы құндылықтарды ұрпағымыздың бойынa сіңіріп, оқу-тәрбие үдерісінде ұлтжандылыққа, отаншылдық пен салт-дәстүрімізді құрметтеуге баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын тұлғaларды тәрбиeлеу – ұстаздар алдындағы басты міндет. Ұлтымыздың тұнып тұрғaн асыл мұра, рухани байлығын оқыту үдерісінe енгізу арқылы қазaқ хaлқының құнды ойларын, даналық пәлсaпаcын, өмірлік тәжірибeсін халық игілігі үшін қолдaна алaтын жан-жақты дамыған, білімді, өзіндік көзқaрасы бaр жеке тұлғаны қалыптастырамыз
Орындаған: N51 ЖОББМ 11”А” сынып оқушысы Нұржігіт Айдын
Сынып жетекшісі:Сұлтанова Жанар