Жаңа Қазакстан: Жаксы мұғалім

  Мәңгілік Ел деген екі-ақ ауыз сөзде қаншама мән мен мағына жатыр. Мәңгілік ел ата-бабаларымыз аңсап армандап, жете алмай кеткен сөз. Мәңгілік Ел ата- бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Жер бетінде тауқыметті көп көрген халықтың бірі- қазақ халқы. Иә, орысқа бодан болған үш ғасырдың ішінде тарихымыз, ар- ожданымыз табанға тапталды. Қолдан жасалған аштыққа душар болдық, зұлматтың құрығына түстік. Қаншама қиын күндерді, азапты түндерді қазақ деген өр халық бастан өткерді. Бірақ бұл күндер келместің кемесінде кетті деп зор сеніммен айта аламын.Ата- бабаларымыздың аңсап кеткен арманы шындыққа айналды. Көгімізде Туымыз желбіреп, Әнұранымыз асқақтады, Тіліміз өз мәртебесін алды. Бір сөзбен айтсам тәуелсіздігімізді алдық, ешкімге жалтақтамайтын , ешкімге алақан жаймайтын егеменді елге айналдық. Он алтыншы желтоқсан тарих беттерінде алтын әріптермен жазылып қалатын еліміздің егемендігін жариялаған күні. Дәл сол күннен бастап көгімізде тәуелсіздіктің көк туы желбіреп тұр. Міне сол кезден бастап пойыздай жүйіткіген ғұмырда Тәуелсіздігіміздің 30 жылына аяқ бастық.Азды- көпті осы өшпес жылдарда Қазақстан қарыштап дамып келеді. Береке мен бірліктің, татулық пен ынтымақтың арқасында әлем танып отырған, іргелі мемлекетке айналып келеміз…

  Ата-бабалардың аңсауымен, желтоқсаншы жастардың қайсарлығымен Тәуелсіздік есіктен еніп, жанымызға шаттық сыйлағалы міне 30 жыл, 30 жас. Отыз жылда ел жаңа, еліміз көркейіп, жеріміз жандануда, бар әлемнің назары біздің елімізде. Қазақстанды бүкіл әлем таниды десек қате айтқаным емес. Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір, жаңа заман осы тәуелсіздіктен бастау алады. Отыз жылға жуық уақытта еліміз көптеген жетістіктерге жетті. Осыдан отыз жыл бұрынғы Қазақстан мен бүгінгі Қазақстан адам танымастай өзгеріп, биік белестерді бағындырып, дамыған елдермен бірдей дәрежеге жетіп келеді. Артқа тастаған отыз жылдың ішінде не жасадық не атқардық деген сауал туса, тізбектеп сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Осы жылдар ішінде елдің әл ауқаты, тұрмыс тіршілігі, төл мәдениетіміз, ұлттық тілімізді жаңғырту ісінде көптеген жұмыстар атқарылуда. Егеменді елімізде білім,ғылым, денсаулық, медицина,экономика, спорт салалары айрықша даму үстінде. Біздің тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихындағы барлық жетістіктері, қазақ халқының егеменді заманда жаңаша ерекше өрлеуі, өркендеуі, рухани-экономикалық еркіндігіміз, әлемдік қоғамдастық пен дүние жүзінің дамыған озық мемлекеттерімен тереземіз тең, дәулетті елдермен бірдей қарым-қатынас жасау жетістіктеріміздің барлығының алтын бастауы – біздің мемлекеттің Тәуелсіздігінде.

  Тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап Жаңа Қазақстан өзінің дербес даму жолын таңдап, жылдан жылға әлемдік қоғамдастықта барған сайын зор құрмет пен беделге қол жеткізе отырып, алға қарай нық сеніммен ілгерілеп өсіп келеді. Қазақстан – жаңа, рухани өркениеттің бесігі. Қазақстан өз тәуелсіздігін алғалы бері еліміздің рухани өмірінде көптеген оң өзгерістер орын алды. Бұл оң өзгерістер болашақ жастарды тәрбиелеуде жаңа мақсат пен міндеттерді жүктеп отыр. Қазақстан жастарының рухани кеңістігін қалыптастыру ошағы ол мектеп. ХХІ ғасырмектебінің мақсаты жас жеткіншектерді жауапкершілігі жоғары, парасатты, адамгершілік мәдениеті қалыптасқан, өмірге икемді, ұлтжанды тұлғаға айналдыру. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, басқа да көптеген қасиеттерінің қалыптасуына көмектеседі, оқу-тәрбие үдерісін дұрыс ұйымдастыруына үлкен әсерін тигізері сөзсіз. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі – мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс – оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Еуразия жүрегінде, өркениеттердің ұштасқан орталығында көптеген ұлт пен ұлыстың құтты мекеніне айналған ұлы далада азат елдің азаматы болудан асқан бақыт жоқ есептеймін. Ата- бабаның асқақ арманының жолында ұлағатты Тәуелсіз мемлекеттің ұстазы болып өскелең ұрпақ тәрбиелеу жолында еңбек етіп жатқанымды ойласам бойымды бір қуаныш сезімі кернейді. Барлық уақытта білім қоғамның алға жылжуымен бірге келе жатқан ең басты құндылықтардың бірі. Біліммен жан-жақты қаруланған, ой көкжиегі биік азамат қана мемлекеттің қарыштап дамуына өзіндік үлесін қоса алады. Баланы білім биігіне ұмтылдыру, мектептен алған білімді өмірде тиімді қолдана білуге үйрету, білімге деген қызығушылығын ояту ұстаз қауымының басты міндеті деп санаймын. Өмір бір орнында тұрмайды, үнемі алға жылжып отырады, осыған орай жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелеу, оқыту үшін үнемі ізденіп, білім мен біліктілігімізді арттырып отырамыз. Заман бір орнында тұрмайды. Сағат сайын тіпті минут сайын қарыштап, үздіксіз дамуда. Болашақпен бағытталып, келешекпен кемелденетін ақылды ұрпақ тәрбиесі біздің қолымызда. 

  Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сол үшін де, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе – білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі,ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы – мектеп, ал мектептің жаны – мұғалімдердің басты міндеті – өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін тұлға тәрбиелеп, қоғамға қосу деп санаймын.

 



Бөлісу: