Жаңа Қазақстан

Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда маңызды мәлімдеме жасады. Ол өз үндеуінде көптеген өзекті де өткір мәселелерді көтере отырып, билікті өз қолына алып, елдің билік жүйесін өзгертті. Өзгерістер мемлекетке көбіне оң нәтижесін әкеледі. Ендеше сол өзгерістердің жақсы жағын сараптайық:

Еліміз президентік республикадан парламентік республикаға көшкелі отыр.  Бұл біздің еліміз үшін көп пайда әкелмек. Өйткені Еуропа елдерінің көбі парламентік республика болып табылады. Әрі егер мемлекет президентік республика болса, онда елді президент басқаратын еді. Ал егер парламентік болса, елді премьер-министр басқарады. Германияның премьер-министрі Ангела Меркель Германияны дамытып, өз орнын сенімді адамға тапсырып кетті. Дәл солай Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди елі үшін көптеген жақсылық жасап жатыр. Жалпы парламентік республикада бәсекелестік болады, ал бұның пайдасы көп. 

Елімізде жаңа облыстар пайда болады. Бұл елімізге орасан зор пайдасын тигізеді. Облыстың орталығы ғана емес, басқа да қалалар дамыса жақсы болар еді. Бірақ жаңа облыстардың пайда болуы сол облыстың инфрақұрылымы, экономикасы дамиды деген үміт сыйлап отыр. 

Үндеуде жақсы жаңалықтардан бөлек жаман хабарлар да айтылды. Мысалы Қапшағайға Қонаевтың аты берілуі. Әлбетте, бұл бір жағынан жақсы. Алайда қазақ тілінің заңдылығына сай қалаға адам аты берілмейді. Тек көшеге беріледі. Қазіргі Астананың аты Нұр-сұлтан, Петропавловск пен Павлодар да қате атау. Сондықтан Қапшағайға Қонаевтың есімі берілуі - өте өрескел қателік. 

Сонымен қатар Тоқаев жолдауында Бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттігін арттыру керегін айтты. Шынымен БАҚ өкілдері бәсекеге қабілеттігін арттырса, бұл бұқаралық ақпарат құралдарының билігін алға шығарады. "Тілшілер төртінші билік иелері" деп бекер айтпайды. Олар билік пен халықтың ортасында көпір секілді өткел болып тұрады. Өскелең ұрпақ, дәлірек айтқанда болашақ тілшілер билікке, саясатқа араласуы керек. "Сен саясатпен араласпасаң, саясат сенімен араласады" деген де бекер емес. 

 

Сурет: insta: @qazaqgrammar & @kartahana

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Саламат Сабыркулов



Бөлісу: