Жаңа жыл – жаңа үміттер мен жаңа жоспарлар. Сіздерге жаңа жетістіктер мен кәсіби табыстар тілеймін. Бұл жыл жақсы өзгерістерге, қуанышты кездесулерге, бақытты оқиғаларға толы болсын. Жаңа жыл әрбір шаңыраққа бейбіт өмір, тыныштық және мол жақсылықтар әкелсін.
Келер Жаңа жыл:
Оқуда оқып жатқандарға бестіктерін, отбасылы жандарға сәбидің үнін,егіздерін, бойдақ жігіттерімізге сұлу сыңарын, сымбатты қыздарымызға төре жігіттерін, армандап жүрген арманшылдарға орындалар армандарын, ата-аналарыңызға ұзақ ғұмырын, бауырларыңызға қуанышты күндерін, тума-туыстарыңызға жылдың сәттілігін достарыңызға әсерлі кештер мен әдемі күндерін ала келссін.
Қағып тұр Жаңа жыл кеп есігіңді,
Болмайды той-думанның кеші мұңды.
Жаратқан түгел қылып берсін сенің
Бақыт пен ырысыңды, несібіңді!
Ашылып ғасырдың бір ақ парағы,
Өзіңе Қыдыр дарып, бақ қарады.
Жаңа жыл берекелі жыл боп кірсін,
Табысқа бастап сені асқаралы!