2013 жылда келіп үлгерді. Бүгін жылдың алғашқы жұмыс күні де өтіп барады.
Адам деген қызық қой иа, жаңа жыл келе жатыр деп жаңа жоспарлар құрып, жаңа ойлар ойлай бастаймыз.
Жаңа деген сөз жақсы ғой, жаңа мен бірге жаңалыққа, жақсылыққа ұмтыламыз.
Осы жылға ұзын сонар тізім жазып қойдым, әрине іштей. Орындаларын кім білсін? Бірақ, сол істердің орындалуына ұмтылатыным анық.
Бұл жылда да керемет өзгерістер күткім келеді, барлық келеңсіз жағдайлар 2012 жылмен қалса екен. Жаңа жылға көңілді көңіл күй мен жақсы жаңалыққа деген ұмтылыс пен алға басып келемін.
Жаңа жыл, жақсы жаңалығыңды бере гөр... Тек қуаныштарыңмен, тек жақсы жаңалықтарыңмен келсең екен...