Жаңа жылға жаңа пайдалы нысан

Жаңа жылға жаңа пайдалы нысан
жеке
блог

«Қазгермұнай» БК» ЖШС Ақсай мұнай-газ кен орнын пайдалануға берілуі 2014 жылғы өндірістік қызметінің табысты аяқталуы деп батыл айтуға болады.

Ақсай құрылымы 1980 жылдары анықталған болатын, 2000 – 2006 жылдар аралығы кезеңінде кен орны сынамалық пайдалануда болды. 2007-2011 жылдары кен орындарының кенін соңына дейін барлау бойынша жұмыстар жүргізілді, бұл Ақсайдың мұнай жиектерімен нақ газ кен орны екендігін анықтауға мүмкіндік берді. 2012 – 2014 жылдар кезеңінде кәсіпорын кен орнын жабдықтау бойынша жұмыстар жүргізді, ол: ұңғымаларды бұрғылау, көмірсутек шикізатын өндіруге қажетті әр түрлі қондырғылар мен объектілердің құрылысы, құбырлардың және мұнай-газ кәсіпшілігін анықтаушы басқа да маңыздылығы кем емес инфрақұрылым объектілерінің құрылысы.

Блог - asaubota: Жаңа жылға жаңа пайдалы нысан
Көптен күткен іс-шара 2014 жылғы 12 желтоқсанда өтті. Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Әлібаев Нұржан Нұрмағанбетұлы, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ Бас директоры Абат Акмуканович Нурсеитовтың және «Петроказахстан» АҚ басшылығының өкілі Цин Хунвей, «Қазгермұнай» БК» ЖШС Бас директоры Медет Сапиевич Кәрімнің басшылығымен салтанатты жиында Ақсай кен орны пайдалануға енгізілді. 

«Ақсай кен-орнының қолданысқа берілуі «ҚазГерМұнай» компаниясының мұнай өндірісі көлемін қазіргі деңгейде тұрақтандырады,-деді ашылу салтанатында ҚМГ БӨ Бас директоры Абат Нұрсейітов. – Бұған қоса, газдың қосымша көлемі компанияға Қызылорда қаласын көгілдір отынмен қамтамасыз ету жөніндегі әлеуметтік міндеттемелерін орындауға мүмкіндік береді.»

Бұл жоба «ҚГМ» БК» ЖШС маңызды жобалардың біріне айналды. бұл кен орнын игеру лицензиясына ҚМГ БӨ-нің Қызылорда облысындағы бірлескен компаниясы «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС (ҚГМ) ие.

Ақсай кен орны мұнай қорлары бойынша Ақшабұлақ және Нұралы кен орындарына қарағанда әлдеқайда кіші екендігін атап өту қажет. Алайда, Ақсай кен орны бай және оны игеру бойынша жаңа жобаны жүзеге асыру компания бойынша жылына 55 млн. м3 деңгейінде газ өндіруді белгілеуге және Қызылорда қаласының халқы үшін үшін көгілдір отын жеткізіп тұруды тұрақты түрде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта кен орнын қолданудың I-кезеңіне сәйкес 5 ұңғыма пайдалануға берілді.

Miller and Lents, Ltd. тәуелсіз компаниясының есебіне сәйкес, 2013 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Ақсай кен орнындағы 2Р санатты мұнай қоры 1,5 млн. тонна, газ қоры — 1 626 млн. текше метр. 2015 жылы Ақсай кен орнынан 114,5 (тәулігіне 2,4 мың баррель) мың тонна мұнай мен 70 млн. текше метр газ өндіру межеленген. Жоспар бойынша өндірілген мұнай ҚГМ компаниясының қазіргі бағыттары бойынша сатылады, ал газ мемлекет белгілеген баға бойынша ішкі нарыққа жөнелтіледі.

«Ақсай кен орнын игеру» жобасына салынатын инвестиция көлемі 9,6 млрд. теңге (шамамен 53 млн. АҚШ доллары). Болашақта ұңғымаларды салуға қосымша инвестициялар салынады деп күтілуде.

Ақсай кен орнын пайдалану арқасында, қазіргі уақыттағы мұнайға әлемдік баға төмендеп кеткен кезде, «Қазгермұнай» БК» ЖШС еңбеккерлерінің штатын 720-дан бастап 742 адамға дейін арттыра алды. Штаттық кестені және еңбеккерлер құрылымын қарай отырып, Ақсай кен орнында 27 адам еңбектенеді деген шешім қабылданды. Сонымен, өндірістік персоналдың жалпы саны Алматы мен Астана қалаларындағы бас офистің және өкілдіктерінің 187 еңбеккеріне қарсы 555 адамды құрады.