Жаңа жыл жақындап қалды, ерекше салат әзірлеп көрем деушілерге мына бір салатты ұсынғым келеді.
Келесілер қажет:
- 300 гр қақталған тауық еті
- 300 гр пармезан ірімшігі (немесе кез келген басқа ірімшік)
- 2 дана киви
- суға піскен 4 жұмыртқаның ағы
- қара зәйтүн 150 гр
- қабығы аршылған қияр (ұзын болса, 1дана)
- жасыл болгар бұрышы 1 дана
- анар 1 дана
- қаймақ (немесе майонез)
Барлығын бір пішінді етіп турап (майдалау қылып), қаймақ (майонез), тұз, қара бұрышты аздап салып, араластырамыз. Сосын тарелкаға жарты ай тәрізді етіп салып, сыртын безендіруді бастаймыз: қырына жасыл болгар бұрыштың үккіштен өткізілген езіндісін жағамыз, ақ жиегін жұмыртқа ағынан жасаймыз. қызыл анар, ал қарасын зәйтүнді кішкентай бөлшектерге бөліп саламыз)))
Ас дәмді болсын!!!