Жаңа жылды қарсы алуға дайынсыз ба?

Жаңа жылды қарсы алуға дайынсыз ба?
жеке
блог

Жаңа жыл жақындаған сайын көңіл көтеріңкі болып, өміріңе ерекше өзгеріс еніп кетердей болып жүрмін.   Кім біледі, сол түні өмірім шынымен өзгеріп шыға келер, қазіргісі де керемет негізі)). 

Қаланы да керемет безендіріп қойды.  Әр ғимараттың жанынан өткен сайын (әсіресе түнде) құдды бір ертегілер еліне еніп кеткендей болам. Ертегілер елін көзбен көріп келген адам сияқты боп отырм ғой ыхыхы. 

Осы жаңа жылды шет елде, өзіме таңсық мекенде қарсы алғым келген. Жағдай келіңкіремеді, жұмыстан да шығарып салғалы тұрған ешкім жоқ)) Енді ойланып отырмын, мейрамды кіммен қарсы алған дұрыс? 

Бірнеше ұсыныс бар. Туыстарыммен қарсы алмаймын... Мүмкіндік аз, қыста жол жүру дегенді ұнатпаймын((.

Ана бір кісімен оңаша қарсы алсаң...  Ой, қойш))) Өзімнің құдай бере салған достарыммен қарсы алам ғой. 

25-желтоқсанда корпоративкамыз өтеді.  Киім дайын. Қызықты көрініс көрсеткен департаментке 150 мың теңге ұтыс бермек. Өте қызықты көріністер, ойындар болса, осында жазыңыздаршы, достар. Ұтып алсақ, жуамын)))