Жаңа Жылды қалай қарсы алдым? :)

Мектеп бітіргенше үйде болдым. Рахат өмір, әке-шешең қасыңда… )

Студент кезімде жатақханада болдым. Қыздармен бірге. Бірінші курста бәріміз сыныптастар, группаластар болып тойлағанбыз общакта ) Содан кейін де жатақханада болдым. 

Былтыр 3 курста қызық болды. Емтихан аяқталысымен жолға шықтым. Есек пойызбен 3 күн. Бір өзім. "Ішім пысатын болды, жаңа жылды жалғыз өзім пойызда қарсы алатын болдым" деп қоям. Сөйтіп өз-өзімді ішімнен жұбатып отырғанымды пойыз ішінен таныс жүз жарқ етті. Мәссаған, группаласым Елдос! Бір вагонға түсіппіз. Мәз болып, екі езуіміз екі құлағымызға жетіп, бір-бірімізді көргенімізге қуандық. 

31 желтоқсан күні жаңа жылға санаулы сағаттар қалғанда Оралға дейін әлі жарты күндік жол қалып еді. Жаңа жылды пойызда қарсылаймыз деп вагон ішін әдеміледік. Безендірдік. Жайнаттық. Әрі кілең жастар. Үлкендердің өзі де жаңа жылға айрықша дайындық жасап, тәтті-пәттілердін вагон үстеліне шығарып жатты. 

Ақтөбеде әпкем бар еді. Ілбіп Ақтөбеге жеткенімізде мені қоярда-қоймай пойыздан түсіріп алып қалды. «О несі-ей, жыл бойы жолда жүрейін деп пе ең?!»деп әзілдеп қояды. 

Сөйтіп, ойда-жоқта жаңа жылды Ақтөбеде қарсы алдым. 

Демалыстан Алматыға келген соң, Елдостан сұраймын ғой: "Қалай қарсыладыңдар? Не қызық болды пойызда?«деп. „Жолсерік жаңа жылды тойлап мас болып ұйықтап қалды, сосын жолсеріктің орнына жүрдім“деп қалжыңдайды ))

Биылғы жаңа жылға жоспарым бар ) Қызық болса, оны да кейін айтып беремін :) 



Бөлісу: