Бүгін Жаңа жал кеші өтті мектепте. Өз басым ешқандай прическа жасаған жоқпын. Жоқ жасайын дегенмін, бірақ болмады, бұйралағанға жыным келед!Сонымен не керек, бәрі әйтеуір күшті, красавицалар мен красавецтер болып келіпті. Бәріміз билеп, ойын ойнап, көңілді қайттық. Бір-бірімізге сыйлық жасадық, жаңа жылға. Маған Ұлжан деген сыныптасым 500 еденица берді, ехуууу! Бірақ менде сотка жоқ))(( Сол үшін де фото жоқ. Ал мен сыйлықты енді берем) Жаңа жыл 9-11 сыныптар арасында өтті. Бәріміз үнділерге ұқсап "арива" деген әнге биледік, күшті болды). Қысқасы, дискотека болды)
Бүгін қызық болды, әрі жыным келді( Мен таңертең мектепке барайын десем, аялдамада ешқандай оқушы жоқ, сосын газель жүретін жерге, Жадырасынға бардым. Содан соң мектептің газельмен бардық, Сөйтіп мектепке барсам 1-1 оқушы жоқ( Тек апайлар ғана бар Сосын сабақ болмайды деп қайтарып жіберді. Келгеніміз 10 шақты оқушы ғана, сосын бір машинамен автобус жүретін аялдамаға жетіп қалдым. Көөөп рахмет сол жүргізушіге. Сосын түсте мектепке бардым. Сөйтіп 3-тен 7-ге дейін жаңа жыл өтті.
Құрметті Массагет және барша Қазақстандықтар! Сіздерді келе жатқан Жаңа 2013 жылмен құттықтаймын!
Жаңа 2013 жыл барлығыңызға жаңа жетістік, жаңа табыс, жаңа үлкен қызмет бұйырсын. Отбасыларыңыздан күлкі сыңғыры кетпесін. Көңілдеріңіз аппақ аққудай болсын! Жалпы бәріміз Жаңа жылға жаңа үмітпен қараймыз, Осы жылы менің қызметім өсер немесе жаңа жұмысқа тұрармын деген сияқты. Тек сол үміттеріңізді үзбеңіздер, Алла тағалам сіздерге риза болсын!
Бұрында 2012 жыл бұрын жаңа дәуір басталып еді, бәрі көзді ашып жұмғанша өтіп кетті дейсің))) Кешіріңіздер! Жоқ айтайын дегенім, сол жылдан бері 2012 жаз, 2012 қыс, 2012 күз, 2012 көктем өтіпті. Содан бері қаншама тарих, қаншама оқиғалар өтті, қазақтардыкін айтпағанда, қазақтардың тарихы өз алдына бір бөлек.
Қазір техника заманы, әйтеуір дамып жатқанымызға шүкір деймін.
Құрметті оқырмандар Жаңа жылда, Массагетке жаңа адамдарды тартыңыз, Массагет сайтына тіркел деңіз, Массагетке кіргенде ешқандай жалықпайтыныңызды айтыңыз, күнде жаңа тақырып, күнде жаңа блог.
Күнде ойлаймын, мысалы 29 болса, осы күнге 1 жыл болды деп.
Жаңа 2013 жыл. Адам болған соң қанша жақсы тілек тілесеңде, енді тағдыр болған соң қайғылы жағдайлар болады(Алла сақтасын)Айтайын дегенім сол қиындықтарға мойымаңыздар! Барынша еңсеңізді көтеріңіздер!
Жаңа 2013 жыл құтты болсын, кешті көңілді өткізіңіздер!