Жаңа жылдарыңызбен!

      Жаңа жыл. Жаңа жыл жақындаған сайын бір өзгеріс..бір ерекше болар сәтті күтіп жүргендеймін.

    Өтіп бара жатқан Ұлу жылы өзімнің жылым болғандықтан ешқандай өкпе-ренішім жоқ. Биылғы жылда мен үшін ең қуанышты сәттер көп болды. Алға қойған мақсаттарымның биік шыңына жетпесем де, орта жолыңа жетіп қалдым деп айта алам.  Массагеттен сыйлық алғандарға қарап менде бір блог жазғым келіп кетті.))  Массагеттен промо-сыйлықтар беріп жатырмыз белсенді блогшыларға деген Анарканың смс-хаттың көріп алғашында сенгем жоқ. Мен басқалар сияқты күніне 1-2блог жазып, бірнеше коммен.тастайтындардың қатарынан емес едім ғой деп қоям іштей. Содан адресті жазып жібердім, бірақ ол сыйлық адасып кетпейме екен, жетпей қалама деген ойлар болды мендеде. Келесі аптада барып қалар деген сыйлықты үйге әкеліп беред шығар десем, келіп алып кетесін деп таң атпай хабарласып тұр поштадан. Қолыма алған кезде қуанып қалдым, өзімді массагеттік екенімді сезініп..) 

Рахмет саған, МАССАГЕТ!

Ал, енді келе жатқан жаңа жылан жылы жақсылығын әкелер деп үміттемін. Жаңа жылда, сіздерге жаңа жетістіктер мен кәсіби табыстар тілеймін. Бұл жыл жақсы өзгерістерге, қуанышты кездесулерге, бақытты оқиғаларға толы ьолсын. Жаңа жыл әрбір шаңыраққа бейбіт өмір, тыныштық және мол жақсылықтар әкелсін. 

Жаңа жылдарыңыз құтты болсын, Достар!




Бөлісу: