Жаңа жылда жаңа табысқа...

  Бүгін Массагет ауылына кіріп келдім. Кірсем жаңа жылдың лебі байқалып қалыпты. СТВ арнасымен бірге балаларға бәйге жариялапты. Сол маған ұнап қалды. Себебі, кішкене кезімде есімде осы Аяз ата деген бар ма? бар болса неге келмейді? деп үй ішіндегілерден жиі сұрайтынмын. Олар да әйтеуір көңілімді қалдырғысы келмей бір нәрселерді ұйқастырып жауап береді енді. Оның жауабын айтатын болсам... қоя беріңіздерші онша қызық емес))).

Менің айтпағым балалар аяз атаға арнап хат жаздық деп қуанып қалатын болды, деп мәз болып отырмын. 

Биылғы жаңа жылды барынша көңілдірек өткізуді ойластырып жүрмін. Үй ішін қалай қуантсам екен деп. Алла бұйыртып емтиханды сәтті аяқтаған соң, үй ішімен бірге қарсы аламыз деп отырмыз. Үйде менің анам мен әкем ғана бар, ағам жұмыста уақыт тауып келсе келді, келмесе сол отырамыз үшеуіміз. Сол кісілерге бір тосын сый жасасам ба? деймін. Қалай екенін өзімде білмеймін. Негізі тосын сыйды өзім жақсы көремін. Жақындағанда көре жатармын. Дәл қазір менің көңіл-күйім жақсы болып отыр. Кеше ғана бір жарығым бар, сонымен тілдескеннен болар деп өзім топшалап отырмын. Жарығымды да қуантқым келеді. Оны да үй ішіндегілермен қатар көремін.

Сонымен, жалпы қазақстандықтарды, оның ішіндегі массагеттіктерді келе жатқан жаңа жылымен құттықтаймын! Жаңа жыл құт ала келсін, өткен жылғы кемшіліктерді биылғы жылы қайталамай жаңа белеске өтіп, жаңа табысқа жетейік! Тағы бір айта кетерім, Қызылордалық педагогика саласының маманы өздерінің атқарып жүрген істері жөнінде жарияласақ дейміз. Тілдің мәртебесі биік болуын қалайтын жандардың бірі Тәжігүл апайдың жазбасын келесі блогқа жариялауға рұқсат етіңіздер.)))



Бөлісу: