Жаңа жыл ма? әлде...
блог
Басқасына жылдың бір датасында, яғни мен секілді жаңа жылмен шектеспей туған күнің атап өту бұйырыпты. Мынау мен аққұла екі ортада зардап шегішу. Не туған күн емес, не жаңа жыл емес?!Бала кезімде менің туған күнім жыл сайын бір күнге алға жылжып отырады деп ойлайтынмын, олай ойлауымның себебі де бар. Өйткені менің туған күнімді үй ішім қаңтардың 1-і не 2-сі тойлайтын. Жаңа жылға дүние есігін ашқанымнан бері өкпем көп әйтеуір, әлі өкпелеп келем. Сөйтіп жүргенімде міне 21ді де арқалап қалыппын. "Туған күніме дайындықты менің рұқсатымсыз бастап кетіпті ғой мына қала" деп қалжындап қоямынара-тұра. Айта берсем кемшілік тұстары жетеді, жаңа жылдық сыйлықтар сыйлайды, көбінің есінен шығып кетеді, мазақ қылғандай жаңа жылыңмен деген хабарламалар аламын. Жылдан-жылға туған күн жасау қиыннын-қиыны болып барады - ау осы.Қалай атап өтсем екен деп күн кешесін. Бала кезімде рахат еді, туған күн жасау қамын сен ойлап бас қатырмайсын. Биыл да міне бас қатырмай отбасы ошағында қарсы алайын деп отырмын. Бұл Ұлу жылы ұлы жыл болды мен үшін, жылан жылын да жылы қарсы алдық, жақсылығы мол болады-ау деген үміт үкілейді. Баршаңызға келе жатқан жаңа жыл жаңа (жақсы)табыс жаңа (жақсы) таныс әкелсін!!!