Жаңа Жыл құтты болсын!

Жаңа Жыл құтты болсын!
жеке
блог

Аса қадірлі достар!

Сіздерді келіп жеткен Жаңа Жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Отбасыларыңыз аман, еңбектеріңіз жемісті, әр күндеріңіз қызық пен қуанышқа толсын! Қадам басар 2014 жыл игі тілектердің орындалуымен, ұмытылмас тамаша сәттермен есте қалсын.

Алдыңғы жазбамызда біз Аяз Атаға жазылған хаттарды қабылдайтынымыз туралы жариялаған едік. Бізге әр түрлі жастағы балалар өз хаттарын жолдап, игі тілек-армандарымен бөлісті. Сондай-ақ, ерекше жазылған, қызықты деп танылған хаттардың авторларын ертең СТВ арнасынан көретін боласыздар. 

Жаңа Жылда кездескенше, достар!

Мерекелік демалысты жақсы өткізіңіздер!