Ассалаумағалейкум Массагет ауылының тұрғындары! Сіздерді келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын!Биылғы 2012 жыл баршамыз үшін табысты болды деп айта аламын! Биылғы жыл жақсылықтарға толы жыл мен үшін, оқуымды аяқтап дипломымды алдым және ең бастысы Массагетпен танысуым болды.Массагет порталына тіркеліп, тұрақты қыз жігіттерімен танысып, араласып қана қоймай порталдың қызықты жаңалықтарың достарымызбен бірге бөлісіп, оны талқылап пікір алмастық.
Йа алда келе жатқан 2013 жыл баршаларыңызға табысты жыл болсын!Осы келе жатқан жаңа жылда баршаларыңыздын отбасыларыңызға амандық, денсаулық,бақыт, байлық тілеймін!Еліміз аман болсын, Қазақ елінің тәуелсіздік тұғыры ешқашан шайқалмасын! Порталдын админдеріне еңбектеріне шығармашылық табыс тілеймін! Осы жүрістерінең айнымай алдағы биік асуларды бірге бағындыра берейік дегім келеді. Келер жылда тек жағымды жаңалықтарыңызбен қуанта беріңіздер!
Жаңа жыл, жаңа өмір басталған шақ,
Тек қана «бақыт» атты шамынды жақ,
Бітпеген жақсы істер өткен жылғы
Жаңа жылда жалғасын тапсын бірақ...
Жаңа жыл құтты болсың! Жаңа жылдан жаңа жылға Алла демеп аман есен жетейік!