Мен жаңа жылды қатты жақсы көрем, ата-анаммен қуанып, асыға күтетін жақсы мейрам ретінде күтемін... Бұрын жаңа жыл мейрамы ауылға барудың жақсы сылтау еді... Енді, ауылға баруға да сылтау жоқ... Бірақ, айтпағым ол емес...
Қызық, бізде жылда шыршалар ерте тігіледі. Саяхаттың қасында шырша 15 - қараша күні бой көтеріп тұрды, ал біз әлі ол кезде қарды да көрмеп ек...
Қызық деймін да, неге бізде шыршаларды ерте құрады? Елдер жаңа жылдың келе жатқанын ұмытып кетпесін деп пе, әлде жыл аяқталғанына есептерін дайындасын деп пе?
Әрине, біреу оған қарсы ал біреулер оған қуанышты...
Кейде осындай саясатқа қарсы адамдарды ойлаймын бір жағынан ол кісілерді түсенім "тәуелсіздік күні" өз деңгейінде аталып өтсе екен дейді... ал кей адамдар үшін жаңа жыл қуаныштың нышаны сяқты...
Қаладағы әсем шыршалар жаңа жылды жақындата түсе ма???