Жаңа жыл-2015: сәнді кешкі көйлектер

Жаңа жыл-2015: сәнді кешкі көйлектер
жеке
блог

    Жаңа жыл жақындаған сайын қыз баласының қалай қобалжып, толқитынын бір адамдай білемін. Себебі, өзім де жаңа жылға не киемін, оның жалпы бағасы қандай болады, қай жерден алған дұрыс, ал әшекей, макияж және шаш үлгісін қайтемін деген сұрақтармен бас қатырып жүрмін.  Жігіттер секілді шашты бір жуып, кәстөм-шалбарды киген бойда сықиып шыға келетін қыз қайда? 

     Бүгін біз сіздермен Алматы қаласында жаңа жылға арналған көйлектерінің бағасын білетін боламыз. Ең бірінші барған дүкеніміз - Koton.

Бағалары өте қолжетімді. Көйлектерінің сапасы да жақсы. Жаңа жылға байланысты жеңілдіктер маусымы да жүріп жатыр екен. Бірақ, сауық кешіне киіп баратын көйлектердің түрі онша көп емес. Мына көйлекке қалай қарайсыз? Қысқа кигенді ұнатсаңыз, мына көйлекті есіңізге сақтап алыңыз:

Аталған дүкенді қаламыздың көптеген сауда орталықтарынан таба аласыз. Біз "Dostyk Plaza" орталығына барған болатынбыз. 

Көйлектің бағасы: 12990 тг - 8990 тг

Келесі дүкен - Popularist Store. Бұл дүкенде көйлекке таңдау көп. Әсіресе, ұзын көйлектерге. Жаңа жылдық кештерде ханшайым болғыңыз келсе, осы дүкеннен қарап көрсеңіз болады.

 

Бағалары да әр түрлі. Сіздерге ең арзан және ең қымбат деген екі түрлі көйлектерді көрсетіп отырмыз:

Мекен-жайы: "Еуразия" сауда орталығы, 1 қабат, 33 дүкен

Ақшыл түсті көйлектің бағасы: 26 500 тг

Күлгін көйлектің бағасы - 85 000 тг

 

Мына дүкенге кірген кезде ерекше леп сезіледі. Бұл қандай леп десеңіз, көйлектердің сәні мен сапасы жарасқан леп. Бұрын кино жұлдыздарынан ғана көріп жүрген көйлектер осы дүкенде бар екен. Сонымен, бұл дүкеннің аты - Isabel Garcia

Көйлектерің бағасы - 30 000 тг мен 50 000 тг аралығында екен. Әшекейлерінің бағасы - кемі 10 000 тг болады. Бірақ, жағдайыңыз келсе, айтқызбай аларыңыз сөзсіз. Сонымен, сұңғақ бойлы әрі белі сымдай тартылған қыздар, мына киім үлгісі қалай сіздерге?

Мекен-жайы: "Dostyk Plaza" cауда орталығы

Корсет бағасы - 27 000 тг

Ұзын белдемше бағасы - 27 000 тг

Сырға - 11 500 тг

Білезік - 14 500 тг


Келесі дүкенде де жаңа жыл кешіне арналған көйлектер түрі өте көп екен. Сонымен қатар, күнделікті киетін киімдерге де таңдау зор екен. Бұл дүкен - Garderob деп аталады. 

Бұл жердегі көйлектерді Отандық жұлдыздарымыз да киеді екен. Бұл жөнінде аталған дүкеннің инстаграм-парақшасынан білдік. Иә, көйлектері расымен керемет!

Мекен-жайы: "Еуразия" сауда орталығы, 2 қабат

Көйлектің бағасы - 30 000 тг


Көйлектерді әр қырынан көргіңіз келсе, даярлаған видеодан көре аласыздар. 


Енді қорытындылай келе айтарымыз: Көйлектерді сатып алуға немесе жалға алуға болады. Жалға берілетін көйлектер құны айтарлықтай арзан болмайды. Сол себепті, жағдайыңыз көтерсе, сатып алғаныңыз өзіңізге жақсы. Және ең кемі - 7000 тг шамасынан, 100 000-нан жоғары боп кете береді. Және ескеретін жағдай: базардан алсаңыз да, дүкеннен алсаңыз да аса айырмашылық жоқ. Көп адамдардың ойы бойынша дүкендерде қымбат-мыс. Қолжетімді бағаға киім табу қиын емес. Жайлы жерде жүріп таңдағанға не жетсін? Бірақ, қайдан алсаңыз да кейпіңізді ашатын, көрік беретін, қонымды киім алыңыз. Түсін, сәйкес әшекей бұйымдарын да ұмытпағайсыз. Жаңа жыл ғажайыптарға толы келеді. Сол ғажайыптарды ғажайып көйлектермен қарсы алыңыз!

Дайындаған: Жадыра Аққайыр

Суреттегі модель: Салтанат Ермекова