ЖАҢА ЖҰМЫС ҚОЛҒА АЛДЫМ

мені Массагеттегі бәріңіз түгел танымасаңыздар да, жартылай сырттай білетін боларсыздар. Сол баяғы Фотограф Русланмын ғой. Каладарыныз қалай? Бәрі жақсы болса әңгімемді бастайын. Менде де бәрі ОК! танымайтындарға өзімді таныстырайын. Бала күннен суретке түсіргенді және түскенді өте жақсы көремін. сондықтан болар   кішкентайымнан қолыма фотоаппаратты алып, бар өнерімді салып, алдымнан шыққан адамдарды түсіріп кете беретінмін. Көшедегі зырылдаған машиналар, зәулім үйлер, табиғат... Общем дым қалдырмай кезіккен дүниені кереметтей көріп, фотоаппаратыма түсіріп алатынмын. Сөйтіп жүріп, қызығушылығым күннен күнге артып, сапасы жақсы фотоаппарат сатып алдым. Оны толықтай меңгеріп,  ағайын-туғандардың той-пойына шығып тегін қызмет көрсетіп жүрдім. уақыт өте білімімді жетілдіру үшін Алматы қаласына барып, арнайы курсты оқып қайттым. Соңғы 2-3 жылда тек той-бизнеспен айналысып, елдің қуанышына ортақтасып жүріп едім. енді жеке фотосессеия түсіруге кірісіп жүрмін. Әзірге бастамам жаман емес. Осы қыста тағыда Алматыға барып білікті мамандардан фотосессияның түсірілім жұмыстары жайлы сабақ алып, тәжірибеден өтіп қайттым. Жақында "Арман" тобының жігіттеріне фотосессия жасап көріп едім, көпшілікке ұнаған сияқты ма?! білмеймін енді, бағасын сіздер бересіздер. бүгін тағыда бірнеше суреттерді сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмын.

 



Бөлісу: