Маңғыстау облысында «Жас Отан» ЖҚ аудандық, қалалық атқарушы хатшылар бас қосты.
Өткен жылға көз жүгіртсек, біршама жұмыстар жасалды, аудандық ЖасОтандықтар мен қалалық жастардың атқарған жобалары нәтиже беріп жатыр, енді 2015 жылдың қарқынын күшейту қажет, жобалар жүйелі атқарылуы керек! Бұл, жиынның негізгі мақсаты.
«Жас Отан» Жастар қанатының облыстық филиалына жиналған ЖасОтандықтар, аудандардағы жұмысты қысқаша баяндап, 2015 жылдың жоспарын талқылады. 5 аудан, 2 қала бойынша жобалар бөлініп, тапсырмалар берілді. ЖасОтандықтар негізгі басымдықты «Жастар Отанға» жобасы шеңберінде жасалатын қайырымдылық жұмыстар мен қол көмек жұмыстарына берді. Жоспар бекітілді.
Жиын барысында әлеуметтік желілердегі жұмыстарды күшейтуді қолға алып, Қазақ хандығына 550 жыл толуына орай іс – шараларға ұсыныстарын айтып, ортаға салды. Жиын соңында белсенді жастарға «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы Сыдықов Нұрланның және «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархат Қуанғановтың алғыс хаттары табысталды.