Жаңа эстафета - Сыйлыққа не қалайсыз?

Жаңа эстафета - Сыйлыққа не қалайсыз?
жеке
блог

Сыйлық атаулыны жек көремін. Өйткені, оның ұнайтыны, ұнамайтыны бар, бұған қоса, екеуі де бірдей адамды ыңғайсыз жағдайға салады. Осы тақырыпта эстафета бастап отырмын.

Сұрақтары төмендегідей:

1) Нендей нәрселерді сыйға тартқанды жек көресіз?

2) Қандай сыйлықтан бас тартар едіңіз?

3) Сізге ұнайтын кәдесыйлар?

4) Өміріңіздегі есте қалған сый?

5) Сізді жалықтырған кәдесыйлар?

(Бұл жерде "өмірдегі ең үлкен сый - отбасымның, өзімнің амандығым" деген сияқты абстракция қабылданбайды, жердегі әңгімелерді айтайық)

 

1. А) Гигиеналық бұйымдарды сыйлау – масқара! Соның ішінде, дезодорант тарту еткен. Өз басым мұндай нәрселерді мүлдем қолданбаймын. Тер иісі бар адамның өзінің мәселесі дезодорантпен шешілмейді! Косметикалық-парфюмериялық дүниелердің де озығынан, бірегейінен сый жасауды да қолдай бермеймін. Әр адам өз косметикасын индивидуалды түрде таңдайды. Бұл – оның интимі. Киім сыйлағаннан гөрі, оның аксессуарларын тарту ету – анағұрлым ұтымды.

Ә) Сыйлық адамның көңіл күйіне ерекше әсер ететіндей, оған сәл де болса қуаныш сыйлайтындай естелік дүние болуы тиіс. Арзан, әрі сапасыз нәрсе сыйлық болмайды!

2. А) Жоғарыда айтылған, өзім жұртқа сыйламайтын нәрседен мен де бас тартамын. Ә) Менімен жақын танысу, өзіне тарту үшін бейтаныс немесе мен жақсы көрмейтін адамдар жасаған, орынсыз, себепсіз жасалған кез келген сыйлықтан, ықыластан бас тартамын.

3. Шын жүректен берілген не нәрсе де қатты ұнап, есте қалады. Тіпті, дезодорант та.)))) Осы жерде алдыңғы ойыма өзім қарсы шығамын да, сыйлықты ала саламын. Негізі, маған магниткалар, күнделіктер, саптыаяқтар, запонкалар мен ерекше сәнді галстук-бабочкалар ұнайды. Кітап – сыйлықтың үлкені, бірақ пәтерден пәтерге көшкенде артық жүк болатыны жаман.

4.  – Студент кезімде сол жылдары үйленген ағам туған күніме мини-центр сыйлады.

– 2006 жылы Сәруар ханым бастаған бір топ әріптесім туған күніме жеті түрлі үлкен кітап сыйлады!

– Күні кеше massaget.kz ұжымы «необычный» тарту жасады.

5. Көп сыйланған нәрселер сол – дезодорант, одеколон, көйлек, қалам шығар...)))) Брелоктар жалықтырады!

«Қысқасы, 23 ақпан келе жатыр, туған күн мен Махаббат күнінің әсерінен әлі арылған жоқпын, ойланыңыздар» деп қояйын.))))