Жаңа блоггердің хаты

Бұл сөйлем жолдары блогтағы алғаш постым болмақ! Негізінде осы блог әліміне келуіме өзімнің бауырдай болып кеткен інім себепші болды! Алғашқы кездері інімнің айтқан сөздеріне аса көңіл аудара қоймайтынмын, уақыт өте біртіндеп көз қырын салып жүріп, біраз нарсені түсіндім!

Жалпы блог менің түсінгенім, адамның "күнделігі" секілді, өз пікіріңді, толғандырған мәселелерді блоггерлер қоғамымен бөлісіп, пікір талқылайтын орта. Кейде блоггерлер пікір білдірем деп, соңы қызу дискуссияға айналып, "қызу қанды" ағайындарымыз біраз сөзгеде керісіп қалатынында байқадым :))


Алдағы уақытта өзімніңде блог посттарыммен бөлісе отырып, дискуссияда бас қосатынымызға сенімдімін, алдағы уақытта ортақ пікірлестер мен жаңа таныстар табатыныма үміттенемін! Көңіл аударып оқығаныңызға рахмет, мүмкін болашақта жаңа таныстарға айналармыз!!!

 

Ізгі ниетпен, Либерал Лидер!

 





Бөлісу: