Жаңа бастама
жеке
блог
блог
Жаңа жыл біздің ұжым үшін жағымды жаңалығымен басталды. "Өнеге" деп аталатын журналымыздың стилі өзгеріп, жаңаша бағытта жарық көрді. Сондай-ақ, ұжымымыз Айнара есімді арумен толығып, ортамыз кеңеюде. Шыны керек, мен бұрын соңды блог жазуға әуестігім жоқ еді. Айнара арамызға қосылғалы, "Массагет" әлеуметтік желісі жайлы айтып мені қызықтыра түсті. Желі жайлы ақпарат жеткен соң, ақырындап өзге әріптестерімнің блогтарын оқып, шабыттана түстім. Маған ұнады. Алдағы уақытта сіздермен бірге ой бөлісіп, ортақ тіл табысып кететініме сенімдімін. Есігімізден енген Ұлу жылы құтты болсын! Қаламды өзіне серік еткен әріптестерге шабыт тілеймін!