жаңа
блог
Ке жарық, Массагеттік ағайын! Күздің қоңыр кешіндегі көңіл-күйлеріңіз қалай?! Қош көрдік! Бүгін алғашқы жазбамды құттықтаудан бастағым келіп отыр.
Осыдан 18 жыл бұрын, мен дүниеге келген күннен араға 2 жыл 4 кун салып, әулетімізге, "НҰР" мен "ШАТ" күлкіні төгіп, үйдің еркесі - үшінші қыз боп, дүниеге келген едің (қазақ айтпақшы, "үш қыз тәрбиелеп-өсірген ата-ана жұмаққа барады"). Бүгін, міне, сенің "жібек жіппен кіндікті буған күніңе, ана сүтін алғаш емген күніңе" 18 жыл толды!
Nurshatay Bukharbaeva Артымнан ерген алтын сіңлім менің, еркем! Дүние есігін ашқан күнің, туылған күнің құтты болсын! Кәмелеттік жасына жетіп, бүгін, міне бойжеттің, қалқам! Қиналсаң - төзіп, жарыссаң - озып, ойнасаң - ұтып, ұзақ жасты өмірлі болып, адал кәсіпке бейімді болып, тіл мен көзден аман болып, қатарыңда кемелді болып, әрқашан АНАМЫЗ бен ӘКЕМІЗДІ, БАУЫРЛАРЫҢДЫ қуантып, бұл дүниедегі ең зор байлық "ДЕНСАУЛЫҒЫҢ" мықты боп, мамандығыңның адал да үздік кәсіп иесі бол! Әулетімізге "НҰР" төгіп, жүзіңнен әрқашан "ШАТ" күлкің кетпей, қуанып жүре бер, НҰРШАТ-АЙ!!! Мен сені жақсы көремін, АЛТЫНЫМ!