Сен менің гүлдей нәзік тілегімсің,
Кеудемде тынбай соққан жүрегімсің.
Ортаймайтын от сезім силадың мол.
Соны өзің сезіне білемісің.
Арманым, тілегімсің ең асылы.
Жанымның жалғыз ғана жан ашыры.
Теңіздей толқын атып тыншымайтын.
Өзің бол жүрегімнің дара жыры
Сенсіз көңіл тулай ма, тасына ма.
Кандай ғана тапты екен асыл ана.
Біздің сезім басталып минуттардан.
Созылып жете берсін ғасырларға
Уніміз бір, тілімде уйлесуде.
Көңілде ғажайып күй кешуде.
Жан жарым-ау өзінді сүйдіресің.
Менімде қақым жоқ қой сүймесіме.
Тыншымайтын жаныммен теңіздейін.
Сен жалғыз сыңарымсың егіздейін.
Жалғыз қап жабырқаған сәтеріме.
Күн нұрындай қуаныш ем іздеймін.
Көзім түспес көрінген өзге асылға.
Ашқан сырым адалдық сөз расында.
Мен өзімді бақытты санар едім.
Өмірімді өткізсем өз қасында.