Күнделікті тұрмыста латын әріптерімен жазылған сөздерді жиі кездестіруге болады. Мұндай сөздердің көбі ағылшын тілінде жазылған. Олардың мағынасын біріміз білсек, біріміз білмейміз. Енді біріміз дұрыс оқи алмай жатамыз. Сондай жиі кездесетін сөздер мен сөйлемге мыналарды жатқызуға болады:
Ағылшынша
Оқылуы
Мағынасы
Welcome
Open
Exit
Sale
New
Company
Tea
Free
уэлкам (вэлкам емес)
әупн
ЭГзит
сэйл
нью (нэв емес)
КОМпани
тии (теа емес)
фрии (фрэ емес)
ии:мэйл (эмайл емес)
Мэйд ин Чайна
(мадэ ин Чина емес)
Қош келдіңіз(дер)!
ашық
шығатын есік
арзанға сату
жаңа
компания
шай
тегін; құрамында жоқ
электронды хат
Қытайда жасалған.
Мұндай сөздерді дұрыс оқып, дұрыс дыбыстасақ, ағылшыншамыз жақсара түседі. Ал олардың мағынасын түсінсек, сөздік қорымыз дамып, сенімдірек бола түсеміз. Сонымен, егер сіз тұрмыстық заттардан, көшеде, киім-кешек, т.б. заттардан латын әрпімен жазылып тұрған сөз не сөйлемді көрсеңіз, онда ерінбей жақсы сөздіктен олардың қалай оқылатынын және қандай мағына беретінін көріңіз. Сосын оны өзіңіздің сөздік дәптеріңізге жазып, жаттап алыңыз. Әрине, бұлай еткеннен сіз ағылшын тілін толық меңгеріп кетпейсіз. Дегенмен, бұл сіздің тіл үйренуге деген қызығушылығыңызды арттырып, ағылшынша біраз сөз біліп алуыңызға көмектеседі.