Гитарамнан мұңлы әуен, төгіледі самырқау
Жан-дүнием жалғызсырап,көңіл күйім жабырқау.
Саусақтарым кібіртіктеп,аккордтарды әрең тереді,
Күнде үндес көңіліммен,бүгін сондай қоңырқай.
Дауысымда жылағандай ,естіледі қарлығып,
Сезінгендей жаңа ғана,бұл дүниенің тарлыған.
Гитарам менің,түсінетін жалғыз жан досым,
Бір сәтке болсын ,ұмыттыратын барлығын.