Жамбыл облысындағы ұлт денсаулығының деңгейі
блог
Сондықтан да болар, жылдан-жылға денсаулық саласына бөлінетін қаражат көлемі де молайып, алдын-алу, емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық базасы да жақсара түсуде. 25 жыл ішінде Жамбыл облысының медицинасы да көптеген қиындықтардан өтті, біршама белестерді бағындырды. Мәселен, Жамбыл облыстық денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру көлеміне 2005 жылы – 9,2 млрд. теңге бөлінсе, 2016 жылы - 40 млрд. теңге бөлінді, яғни 11 жыл ішінде ол - 4,4 есеге арттырылды. 2016 жылдың 1-қыркүйегінде бөлінетін қаражат көлеміне жоспар - 38,4 млрд. теңгені құраса, оның ішінде жергілікті бюджеттен - 14,1 млрд. теңге, республикалық бюджеттен - 24,3 млрд. теңге болды.
Атқарылған мақсатты шаралар арқасында денсаулық сақтау саласындағы негізгі көрсеткіштердің төмендеуі байқалды: Жалпы өлім-жітім көрсеткіші соңғы 25 жылды талдау арқылы (1992 ж.- 7,9, 2016 ж. - 6,0) 1992 жылдан 24,0 пайызға төмендеді. Аналар өлім-жітімі көпжылдық талдау нәтижесінде (1992 ж.-33,5, 2016 ж.-17,2) 1992 жылдан 48,6 пайызға төмендеген. Нәрестелік өлім (1992ж.- 33,5, 2016ж.-10,3) 1992 жылдан 69,2 пайызға төмендеген.
Денсаулық сақтау нысандарын соғу екпіні де жоғары. Егер, 1991 жылдан 2009 жылға дейін 27 денсаулық сақтау нысаны соғылса, 2009 -2015 жылдар аралығында 92 нысан ел игілігіне пайдалануға берілген.
2016 жылы Меркі ауданы Меркі ауылындағы жалпы сметалық құны - 1,8 млрд.теңге болатын 250 келушіге арналған аудандық емхана құрылысын жалғастыруға республикалық және облыстық бюджет есебінен 1,06 млрд. теңге қарастырылып, оның - 932,0 млн.теңгесі игерілді.
Сондай-ақ, облыста денсаулық сақтау саласындағы маман-кадрлардың тапшылығы біртіндеп шешілуде. 2015 жылы облысқа 85 жас маман келіп, олардың 56-сы ауылдық елді мекендерге «Дипломмен - ауылға» бағдарламасымен жіберілді. Аталған бағдарлама аясында олардың 52-не республикалық бюджет есебінен 70 айлық есептік көрсеткіш көлемінде көтерме ақы төленіп, жергілікті бюджеттен 300,0 мың теңге көлемінде қаржылай көмек алған. Сарысу ауданының Жаңатас қаласына және Талас ауданының орталығы Қаратау қалаласына келген жас мамандар қызметтік пәтерлермен қамтамасыз етілді.
Дәрігер мамандардың біліктілігін көтеру де жылдан-жылға жақсарып, өз нәтижесін беруде. Кадрлардың біліктілігін арттыруға «003» бағдарламасы бойынша 2015 жылы – 69 млн. 646 мың теңге, ал 2016 жылы – 52 млн. 624 мың теңге қаражат бөлінген. 2015 жылы «003» бағдарлама шеңберінде Санкт Петербург қаласында - 3, Курган қаласында - 2, Москвада - 2, Лондонда - 4 дәрігер біліктілігін арттырып келді.
Жамбыл облыстық перинаталдық орталығы базасында «Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті» акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен Литва Республикасының мамандары мен оқытушыларының қатысуымен «Қауіпсіз ана болу» заманауи позицияларына сәйкес перинаталдық көмек көрсетуді жетілдіру» тақырыбында шеберлік сыныбы ұйымдастырылып, ана мен бала денсаулығын арттыру бағытында 23 маман оқытылды.
Елбасының қолдауымен емдеу алдын алу мекемелерінің бой көтеріп, заманауи үлгіде салынып, халықтың игілігіне берілуі, тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсету бағытында жасалып жатқан қамқорлықтар - біздің тәуелсіз ел болғанымыздың кепілі. Біздің мемлекетімізде қашан да қоғамның басты байлығы саналатын – адамға, адамдар денсаулығын арттыруға баса назар аударылуда. Елбасы өзінің әр жылғы Халыққа арналатын Жолдауында да тұрғындардың денсаулығын жақсартуды басты мәселелердің бірі етіп қойып, бұл бағытта барлық мүмкіншіліктерді жасап келеді.