Жамбыл Жабаевқа 175 жыл толды

Жамбыл Жабаевқа 175 жыл толды
жеке
блог

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ГМ-172/10 мекемсінде барлық санитарлық талаптарды қатаң түрде сақтай отырып, шаруашылық жұмыстары үшін қалдырылған сотталғандар мен оқшауланған аймақ сотталғандары арасында ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерей тойына арналған мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараның ашылуы ГМ-172/10 мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Сузақбаев Есбулат Аглепесовичтың құттықтау сөзімен бастау алып әрі қарай қсықаша өмірі баяны туралы айтып жеткізді.
Жамбыл Жабаев (1846-1945) қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, өмірімен де, шығармашылығымен де екі ғасырды молынан тұтастырып жатқан ұлы жырау, туған дері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Топырақ бұйырған жері – Алматы облысының Ұзынағаш елді мекені, шыққан тегі – Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы. Әкесі орта шаруа болағн.
Сонымен қатар іс-шара барысында ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың балалық шағына саяхат, өлеңдері оқылып бейне роликтер көрсетілді.
Жазасын өтеуші Н. Жақайұлы «Өмір-ай», «Менің әкем», «Қылықты қыз», «Бұл өмірде», «Жол» және т.б. әндерін шырқады.
Іс-шараға арнайы шақыртылған Ақтау қаласы әкімдігінің «Ақтау қалалық әкімдігінің қоғамдық даму орталығы» мәдени-демалыс кешені КММ-ның әншілері мен бишілері, атап айтқанда Мақсатқызы Индира, Медетбаева Сарбиназ қазақ биін билесе, Мәкенқызы Нәзерке Өсет атты поэмасын оқыды. Көрген Ерболат пен Сартбаева Сұлушаш попури қазақ әндерін орындады және және Егемен Қазақстан Республикалық газетінің Маңығстау облысындағы ресми тілшісі Гүлайым Дауітбай іс-шараға қатысушыларға алғысын білдіріп жазасын өтеуші сотталғандарға алдағы уақытта адаспай тура жолда болуларын сұрап, бұл жерде тезірек шығып отбасыларын қасына баруларын тіледі.
Әрі қарай шаруашылық жасағының жазасын өтеуші сотталғандар, яғни Донбаев Б.К. «Патша әмірі тарылды», Алеуов Б. «Ленинградтық өренім», Сартов Қ. «Алғадай» сыңды өлеңдерін оқыды. Вильданов Л. Жамбал Жабаевтың өмірбаянын, балалық шағын, өмірінің қиын кездерін айтып берді.
Іс-шараның мақсаты сотталғандарды шығармашылыққа, қазақ әдебиетіне, өнерге деген қызығушылығын арттыру.
Мерекелік іс-шара соңында ГМ-172/10 мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Сузақбаев Есбулат Аглепесович барлық қатысушыларға алғыс білдіріп мұндай іс-шаралар алдағы уақытта жиі-жиі өткізіліп тұратынын айтты.