Жамбыл атамыздың жырлары
блог
Жамбыл атамыздың шығармашылығы Отанды сүюге, қорғауға, құрметтеуге шақырады. Уақыт өткен сайын қазақ халқының өмірінде бұл шығармалардың орны артпаса, кеміген емес. Бүгінгі жас ұрпақ қазақтың абызының отты жырларын жатқа біледі. Сол үшін де қуаныштымыз. Осы үрдісті әрі қарай жалғастыру мақсатында механика-математика факультетінің, информатика мамандығының 1 курс студенттерімен Қазақ поэзиясының алыбы Жамбыл Жабаевтың 171 жылдығына байланысты «Тыңда бала Жамбылды» атты әдеби байқау сабағы өткізілді. Байқауда екі топ «Өтеген батыр», екінші топ «Сұраншы батыр» деп ақын өлеңдерін топқа қойып екі кезең бойынша сайысқа қатысты. Бірінші кезеңде әр топ өздерін таныстырса, екінші кезеңде ақын өлеңдері мен дастандары оқылды. Екі топтыңда студенттерінде ақын өлеңдеріне деген сүйіспеншілік байқалып тұрды. Ақын дастандарын мәнерлеп, Асқар Гүлназ Құмарбекқызы нақышына келтіре орындады. Сондай-ақ, топ студенттері: Тойлыбай Мөлдір Әбдіқалыққызы, Құрманай Аянбек Мейрамбекұлы «Ақын рухына тағызым» атты өз шығармашылығынан төл туынды оқыды. Ақын дастандарындағы батырлықты, ерлікті, өз еліңе деген сүйіспеншілікті студенттер жоғары деңгейде жеткізе білді. Байқаудың қорытындысы бойынша «Сұраншы батыр» тобы жеңіске жетіп, мақтау қағазымен марапатталды. Ақын өлеңдерінің тәрбиелік мәні барлық халықтар достасып, Отанымызды сүйіп, мақтаныш етіп, елімізді құрметтеп, бірлікпен ынтымаққа ұмытылдыру еді. Ақын Сәкен Сейфуллин «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан сықылды. Оны жинап алып халықтың қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз», - деген екен. Сондықтан Жамбыл жырларын, өмірін, біліп, өнегелі өмірі мен сөздерінен үлгі алуымыз керек. «Егер біз Жамбыл даналығын тәу етіп, ұлылығын ұлағат тұтып, жатсақ, оның басты себебі Жамбыл арманының адамзаттық арман аңсарымен ұласып жатқанында. Сондықтан да қазақтың Жамбылына адамзаттың Жамбылы ретінде құрмет көрсетіп, өлмес рухының алдында басымызды иеміз» Бүгінгі байқаудың қорытындысы Жамбыл жырлары жасампаз ұрпақтың сырласындай, қимасындай мәңгі бірге жасай береді, ұрпақтар сабақтастығы өз жалғасын таба бермек. Авторлар: Кабдрахова С.С.
Авторлық құқықты сақтаңыз