Жаман шалдың үміті
блог
Бүгін Қазақ жеріне батыстан доп қуудан нағыз тіс қаққан немістер келеді. Олар мықты, бес қаруы бойында, өздеріне сеңімді. Ұландарым, бірақ сендер мойымандар, саспандар. Аш бөрідей қарсы ұмтылындар. Сендер батыр халықтың ұрпағысыздар. Сендер қалай болғандада олардан басымсындар. Сендер өз елдеріндесіндерғо, өз жерлеріндесіндерғо. Қасиетті туған жердің топырағы сендерге қайрат күш жігер береді. Жүйрік аттай шабындар, қыран құстай ұшындар.
Жә жә балам білем, білем, түсінем. Олар мықты, салмай ақ қой сол голынды....салмай ақ қой...Тым құрығанда жұмыртқасын жалмауыз аждаһадан қорғаған қарлығаштай ана тұрған қақпаларынды қорғандар. Қызғыштай қорғандар. Мына он алты милион халық сендерге сенеді, сендермен бірге. Сендердің ойындарын КВН да емес ФИФАда айтылатын болсын.
Ал ұландарым, он бір қас батырым, жорытқанда жолдарын болсын. Мына елдің мына жаман шалдың үмітін ақтандар. Аумин