Жаман әдеттердің құпиясы (байқау)

          

        "Ауру қалса да әдет қалмайды" демекші барлығымыздың жағымсыз әдеттеріміз бар. Алайда,олардың біздің психологиямызбен тығыз байланыста екенін көп адамдар біле бермейді. Ендеше солардың біршамасына мысалдар келтіріп өтейін:

        1. Қаламның ұшын тістеу. Бұл әдет көбінесе өнер адамдарының бойында болады екен. Сонымен қатар, шығармашылыққа жақын адамдар да үнемі қалам ұшын тістейді екен.

     2. Өз-өзіңмен сөйлесу. "Ой қайда кеттің жаңа ғана тұрған едің ғой"- ,"Ә мұнда екенсің ғой орамалым" Иә егер сіздің де бойыңызда жансыз заттармен сөйесетін әдетіңіз болса онда оған бола уайымдаудың қажеті жоқ. Себебі өз-өзіңмен сөйлесудің адамға берер пайдасы зор дейді ғалымдар. Біз өз-өзімізбен сөйлесу арқылы есте сақтау қабілеттерімізді де арттыра алады екенбіз. Және сонымен қатар ойлау жүйемізді жылдамдатуға да үлес қосады екен.

      3.Тырнақ тістеу.Көбіне жүйке жүйесі шаршаған адамдарда мұндай әдет жиі кездеседі. Егер жаныңыздағы адамның тырнағын тістеп тұрғанын байқасаңыз, демек ,оның бірнәрсеге разы емес екенін білдіреді.                             

            Ал сізде мұндай әдеттер бар ма?



Бөлісу: