"Жалынның жағымсыз естеліктеріне"
Жыла тегі,
Жылай түс,
Сана, миым!
Артыңда қаралы боп қалады үйің.
Жалынның жылытқаны былай тұрсын,
Жылатып ап барады бала күйін.
Ғарышымнан күн нұрын төккен ерік,
Жалғыз көміп барамыз көппен келіп.
Жайдарлы жаз секілді жан бауырды,
Ап кетті-ау арамыздан көктем келіп.
Күлімдеп көзден кетпей елестерің,
Көп еді-ау бағындырар белестерің.
Кім білсін, кім ойласын, аяқ асты,
Бір сәтте-ақ ажал дейтін жел есерін.
Бұйырса тойыңа бір барам деп ем,
Тез келіп, тез кетеді-ау адам деген.
Таусылмас тіліектердің орынына,
Жоқтау жазып отырмын қаламменен.
Оңалмады бір сәтте көңіл күйім,
Сене де алмай сенделдік сол-ау қиын,
Көтере алмай қос бірдей қазаларды,
Жыла тегі,
Жылай түс,
Сана, миым!