ЖАЛПЫ СОҢҒЫ 70 ЖЫЛДА АЛМАТЫ МАҢЫНДА 9 ӘУЕ АПАТЫ ОРЫН АЛҒАН

АЛҒАШ РЕТ 1941 ЖЫЛЫ 26 ЖЕЛТОҚСАНДА БАЙСЕРКЕ МАҢЫНДА ҚҰЛАҒАН Г-2 ҰШАҒЫНАН 26 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
1954 ЖЫЛДЫҢ 5 ЖЕЛТОҚСАНЫНДА ПЕРВОМАЙКА АУЫЛЫНАН 4 ШАҚЫРЫМ ЖЕРДЕ ҚҰЛАҒАН ИЛ-12 ӘУЕ ҰШАҒЫНАН 1 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ
1966 ЖЫЛЫ 22 ҚАРАШАДА АЛМАТЫ ӘУЕЖАЙЫНАН КӨТЕРІЛГЕН ИЛ-18Б ҰШАҒЫНЫҢ ЖАРЫЛУЫНАН 2 АДАМ ЖАН ТӘСІЛІМ ЕТТІ 
1969 ЖЫЛДЫҢ 24 НАУРЫЗЫНДА ГҮЛДАЛА АУЫЛЫНЫҢ АУМАҒЫНДА АН-24 ҰШАҒЫНЫҢ ҚҰЛАУЫНАН 4 АДАМ О ДҮНИЕГЕ АТТАНЫПТЫ 
1980 ЖЫЛДЫҢ 8 ШІЛДЕСІ КҮНІ АЛМАТЫ ӘУЕЖАЙЫНАН КӨТЕРІЛГЕН ТУ-154 Б ҰШАҒЫ ЖАРЫЛЫП, НӘТИЖЕСІНДЕ ҰШАҚ БОРТЫНДАҒЫ 166 АДАМ ТҮГЕЛДЕЙ ОПАТ БОЛДЫ 

1983 ЖЫЛДЫҢ 30 ТАМЫЗЫНДА АЛМАТЫНЫҢ ОҢТҮСТІК-БАТЫСЫНДА ТУ-134 А ҰШАҒЫ ҚҰЛАҒАН. КАЗАН ӘУЕОТРЯДЫНЫҢ 90 АДАМЫ ТҮГЕЛ КӨЗ ЖҰМДЫ 
1987 ЖЫЛДЫҢ 6 НАУРЫЗЫНДА АЛМАТЫНЫҢ ШЫҒЫС ӘУЕЖАЙЫНА ҚОНБАҚ БОЛҒАН АН-26 ҰШАҒЫ ЖАРЫЛҒАН. ЖҮК ТАСУҒА АРНАЛҒАН ҰШАҚ АПАТЫНАН 9 АДАМ О ДҮНИЕГЕ АТТАНЫПТЫ 
2007 ЖЫЛЫ АЛМАТЫ ӘУЕЖАЙЫНДА ҚОРШАУҒА СОҒЫЛҒАН БИЗНЕС-ДЖЕТ СL-604 CHALLENGER ҰШАҒЫНАН 1 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ 

ҚЫЗЫЛТУ АУЫЛЫ МАҢЫНДА ҚҰЛАҒАН КЕШЕГІ ҰШАҚ БОРТЫНДА 21 АДАМНЫҢ ҒҰМЫРЫ ҚИЫЛДЫ. ЖАЛПЫ АЛМАТЫ МАҢЫНДАҒЫ ӘУЕАПАТТАРЫНЫҢ САЛДАРЫНАН ОСЫ УАҚЫТҚА ДЕЙІН 320 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛЫПТЫ.



Бөлісу: