ЖАЛҚЫ

...Сол себепші екенін бар қайғыма,
Ұққысы келмеді ме, маңдай мына?
Қас қарая мені іздеп кеп қалар деп.
Үмітті кешегідей алдаймын ба?

Алдаймын ба өзімді бүгін тағы,
(қашан оны жүрегім ұмытады?!)
Қалтыраған жапырақ көңілімді,
Өткеннен қалған елес жылытады.

Жанарымның ішінде сөнеді күн.
Жанымды тағы мұңға бөледі түн,
Сезімді қастерлейтін бізден басқа,
Со-о-нша ұзақ азапқа көнеді кім?!

Бұл дүниеде расы ғапыл бәрі,
Жалқы жанмен таңдарды атырады.
Біреудің жанарынан сүйіп біреу,
Ішінен өзгені ойлап отырады.

Сіз аңсаған әнебір жат па еді ерін?
Ел қызығар осы ма бақ дегенің?!
Бәрің бөліп алыңдар,мен ендеше
Жалғыздықпен тағы да қап көремін.
...сол жақсы!!!



Бөлісу: