...Жалғыз отырмын. Салат жеп. Қарным ашқаннан емес, тұрып қалмасын деген ниетпен. Әйтпесе қарным ашатындай не бопты сонша? Көңілім аш. Себебі үйде жалғызбын. Айдананы бағана Батыс пойызына мінгізіп, шығарып салғам. Өзім ауылға келесі аптада сейсенбі күні қайтамын, бұйыртса. Алла қаласа, ертең әкемтеатрға барам. Соңғы күн, жабылуы болады. Әкемтеатрды да сағынатын болдым. Бір ай ішінде он күн бойы барып, әбден бауыр басып қаппын. Жә, әңгімем басқа арнада. Айдананы шығарып салдым. Рахаттанып қайтты. Ал мен... Үйде жалғыз қалдым. Интернет бар, ішетін су бар, жейтін нанға дейін бар. Бірақ... Қанағатсыздығым емес, жаным жай таппай отыр. Рухым басқа бір рухты іздеп, аңсап тұр. Үйде қызық емес қазір. Не жазатынымды да білмей отырғаным... Бағана ғана азанда Барахолкаға бардық, одан үйге кеп шәй-тамақ іштік. Кешке жалғыз қалатынымды білдім, бірақ мұндай күйді кешемін деп еш ойламадым. Айдана қарындасым ғой, жиен. Менің де қайтқым кеп кетті. Ертең театр, арғы күні Серік ағайыма, сенбі күні Барахолкаға барсам... Сірә, уақыт өтер емес. Дүйсенбі күні жолға дайындаламын. Алла қаласа...
Ай, бауырлар-ай, үйленгім кеп жүр. Өзім қаңғып үйренбегем. Мына жалғыз жүруден шаршадым. Жасым болса 22-ге шықты. Кішкентай кезімде жалғыз өскенім де жетер. Үйленгім кеп жүр. Бұйыртса, Алматыға август айында келермін. Айданаға жұмыс Астанадан табылса, ол да кетемін дейді. Ал мен Алматыда кіммен қалам, білмеймін... 4 жыл бойы жиен қарындасыммен тұрып келемін. Ол енді кетсе, мен кіммен қалады екем? Рас, үйленгім кеп жүр. Әке-шешем болса, Байқоңырда. Әлі жұмысқа да орналаспадым. Бастық жұмысқа алса жақсы болар ед. Иә, бауырлар, үйленгім кеп жүр...
Алла қаласа, жұмысқа орналасып алсам, көз жұмып үйленіп алсам бе екен... Бірақ дұрыс жар таңдау - баламның алдындағы ең бірінші міндетім ғой. Дұрыс жар таңдау - әкенің баласы алдындағы ақысы. Ақыны жеуге болмайды ғой. Мен қызды қалай таңдаймын, білмеймін... Қызға жоламайтын жанмын, ұялып... Әлде көрші жеңгеме айтып қоя берсем бе екен... Бәлкім, туыстарынан табылып қалар, өзі жақсы білетін... Бірақ аяққа тұрмай жатып, ертең анау керек, мынау керек деп миымды жесе ше... Алдымен аяққа тұрып та алғым келеді... Бір жағынан, үйленуге де батылым жетпей жүр. Жасқаншақ жанмын... Әлде Массагетте бар ме екен?.. Не де болса, жалғыздық жанымды қинап бітті. Әйелің болған қандай керемет, ә!? Бірге тамақтанасың, әңгіме айтеееееееп отыреееееееп... Бір киноны немесе басқа бір нәрсені қарап, талқылайсың... Сезіміңді тағы білдіресің... Болмаса, жұрт жайында әңгіме айтасың... Әзілдесесің, күлімдесесің... Бауырлар, ғылымнан да алыспын. Тіпті, қандай кіріп кетерлік іс болса да, мен кіріп кете алмаймын. Тек комп ойнына кіріп кетпесем... Болмаса тамақтан соң әняқа... Ә?! Шынымен, үйленгім кеп жүр... Алла жар болсын!