Жалғыздық жамылған күз...

Жалғыздық жамылған күз...
жеке
блог

Көшені кезеді ақ тұман

Мұңдардың күпісін киініп.

Жапырақ құлайды сыбдырлап

Самалмен үзілген күй іліп.

Күн батып барады қарашы

Қып қызыл мұңдарға құйынып.

Мен тұрмын жанымды ұғалмай

Белгісіз күйікке күйініп.

 

Сұп-суық, тым суық бұл қала,

Бұлттар жүр тәкәппар кекейіп.

Бәрінен тығылып батыста

Жабырқап барады от бейіт.

Құстарда жып-жылы аймаққа

Ұшуда тоқтаңдар жетейік.

Тым суық, ақ тұман бұл аймақ,

Құстармен ілесіп кетейік.

 

Самалға еріп ап жапырақ

Елес мұң кезуде көшені.

Ызғарлы бұл күзде мен жалғыз,

Жапырақ қыздардың өсегі.

Тұманға адастық бәріміз

Көктемді ұмытып кешегі.

Мәңгілік көктемді іздеумен,

Бұл жалғыз, бұл күзден көшеді.

 

Қоп-қоңыр көшені кескілеп,

Бір сұлу жүгіред асығып.

Қоп-қоңыр даладай шашынан,

Бұл күздің иісі шашылып.

Мен сені бұл күзге қимадым,

Көктемгі шоқ гүлді жасырып.

Жапырақ жылады, құлады

ақ моншақ мөп-мөлдір жас үміт.

 

Шаштарын тарады тағыда,

Сәулесін түсіріп айым ақ.

Шомылып сәулеге ағарған,

Мұңайды тағы да қайың-ақ.

Сен басқан жапырақ жүректі,

Әкетсе өзендер шайып-ап.

Қоңыр шаш бұл күзден мен кеттім,

Құстармен қанатты жайып-ап.