Жалғыздық жақсы
блог
-Оның ешқандай жаман әдеттері жоқ. Ол тіпті жақсы көруді де ұмытып кеткен, ғашық болуды қойып кеткен...
-Міне ,сол үшін мен оған сенбеймін. Ол осы үшін қорқынышты адам.
-Бастысы да сол емес пе?! Неге оны жаман адам ретінде көргің келеді,түсінбеймін.Есесіне ол сені сезіммен қинамайды ғой,ақымақ.
-Неге жаман адам ретінде көргің келеді деймісің?Себебі,мен қорқам.Оны ұнатып қалғым келмейді.Ол- сезімсіз.Сондықтан сенімсіз.
-Мейлі...Ол -шынайы адам.Сен үшін екіжүзділікке салынбайтыны да жақсы. Жәй айтқаным ғой. Екеуіңнен керемет жұп шығар еді.Сен оны қуантар ең ...
- Біз ешқандай шынайылық өндірмейміз.Ол өзі бар нәрсе ме десеңші.Сондықтан шынайылығын айтпа. Ондай адам болмайды да. Сенбе. Көзінен көре аламын деп те ойлама. Себебі,шынайылық біздің әлемде жоқ.Ал жоқты іздеме.
-Ол да рас. Бірақ саған сенбеймін. Өзің айтқандай шынайылық жоқ. Демек, сен де шынайы емессің. Сөздерің жалған.
-Өзің біл)
-Сонда оның уақытын босқа алып жүргенің бе?
-Жоқ,өз уақытымды текке жіберіп жүрмін.
-Қателік үшін) Неткен ақымақтық!
-Мүмкін...
-Сонда сезім өзің айтқандай болса, оның қай жері ғаламат күй кештірді? Дұрысы не болды? Бәріне көз жұма қарау ма? Ол секілді сезімсіз жақсы АДАМ болу ма? Айтшы
-Жалғыздық жақсы