Жалғызбын деп жылама!
блог
Жалғызбын деп жылама
Кетсе дағы сырт айналып туғаның
Жеткізбесе алып ұшып қуғаның
Құлай берсе, жылдар бойы құрғаның
Тек жылама!
Мойынсынба, өкінбе
Қайта алмассың қаласаң да ол күнге
Салған сынға қарсы тұра білмесек
Жылауменен өткен өмір өмір ме?
әне қара алыста тұр бақытың
жылтырайды жылтырындай жақұттың
қолың созып өзің жете алмасаң
кім береді дүниенің сарқытын?
Тура қара алға ұмтыл қорықпа
Сенім деген найза алып
Аттанғайсың жорыққа
Ешбір сыннан қорықпайтын адамға
Бақыт табу – ол да сұрақ болып па?
Қиналғанда өмір мына түндейсің
Тоңса, жаны солып қалар гүлдейсің
Алма-кезек бұл өмірде түннен соң
Жарқыраған күн туарын білгейсің!
Жалғызбын деп жыламағын, жылама
Шыңға шығар күнің күтіп тұр алда
Жалғызбын деп тағдырыңа күрсінбе
Жәрдемшің бар, құдіретті ол – Алла!
Авторы: Назерке Семей