Жалғыз емеспін...
блог
Көше... Бір өзім келе жатырмын. Айналам толы пенделер. Кәрісі де, жасы да, ортасы да - бәрі бар. Қарттарға қарап, солардың жасын беруін тілеймін, балаларды көріп еске балалық шағымды түсіріп те аламын, өзімнің құрдас-замандастарымды көріп...
Иә, қол ұстасқан ғашықтар... Ғашықтар деп көпшілік айта береді ғой. Өз басым ғашықтар деп бақытты жанұяларды айта аламын. Ғашықтар деп жүргіштерді айтуға қимаймын.
Иә, құшақтасқан, бір-біріне жанасқан алақандар... Бір-біріне күле қарап... бір кезде жігіті жұлқылап келіп, қылқындырып алған қыздар... Сезімінің көрінісі ғой деймін, өздері айтпақшы...
Мен бір өзім болса да, жалғыз емеспін. Менің жанымда көлеңкем бар. Ал ішімде ойым бар. Көшемен келемін... Көлеңкеме қарап қоямын, себебі адамның көлеңкесі сол адамның қадірін керемет біле ме деймін... Қасында үнемі жүреді ғой. Ал ішкі ойым, ол ақылдан, сонымен қатар жүректен де тарап, келіп жатады. Қиялым ойымнан еш оза алмақ емес.
Не керек, әйтеуір, көшемен кете бердім үйге қарай. Сыртымнан байқаған жұрт қайдан білсін ішімде ненің жатқанын...
Мен жалғыз емеспін...
Жүргіштер қанша жүрсе де, жалғызсырап жүретін аурулары бар ем-домы жоқ...